Жаңалықтар

Еңбек адамының құқығы қорғалады

Кәсіподақ

Дүйсенбі күні Aqtobe IT Hub орталығында Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ десанты» акциясы өтті. Аталған акция кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына және Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай ұйымдастырылған. Іс-шараға Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиевжәне федерация делегациялары қатысты.

Делегация мүшелері өңірдегі еңбек ұжымдарымен және кәсіподақ белсенділерімен кездесті.Олар еңбек дауын шешуде құқықтық көмек көрсететін заңгерлердің қызметі және кәсіби медиаторлардың жұмысы туралы мағлұмат берді.
Еліміздің кәсіподақ ұйымдары азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында көптеген жұмыс атқарып келеді. Кәсіподақ —қоғамда өзіне тән ерекшелігі мен беделі бар, рухани тұрғыдан маңызды ұйым. Қо­ғамдық жүйенің бөлігі ретін­де үдемелі түрде өзгеріп жатқан құбылыс­тарға үн қосып, қарапайым еңбекші ха­лық­­тың игілігіне қызмет етіп, ұйым мү­ше­леріне үлкен жауапкершілік жүктейді.
Жалпы, біз еңбек адамының құқығын қорғап, олардың қауіпсіздігін,  ұжымдық шарттардың дұрыс орындалуын қадағалаймыз.Биыл Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауы еңбек адамдарының мәртебесін арттырып, олардың қоғамдағы рөлін жоғары бағалауға, еңбек шарттарын жақсартуға және әлеуметтік қорғау жүйесін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды
, — деді Г.Жұмагелдиева.
Акциябарысында федерация мүшелері өңірдегі бірқатар кәсіпорынды аралап, қызметкерлерге құқықтық көмек көрсетті.
Кездесуді ҚР Кәсіподақтар федерациясының  оқу орталығының басшысы, оқыту әдістемелерінің авторы Ләззат Есжанова еңбек дауларын шешуде заңнаманың қолдану мәселелері туралы семинармен жалғастырды. Семинар барысында кәсіподақтар тәжірибесінен нақты мысалдар қаралып, заңнамалық актілердің нормалары бойынша ұсыныстар айтылды. Іс-шара соңында бірқатар кәсіпорын қызметкерлері «Еңбек озаты» төсбелгісімен және кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Айта кетейік, «Кәсіподақ десанты» акциясы еліміздің барлық өңірінде жалғасады.

Айдана НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button