Заң мен тәртіп

«Жас сақшы» полиция сыныптары ашылды

Патриоттық тәрбие

Ақтөбе қаласындағы №78 орта мектепте «Жас сақшы» полиция сыныптары ашылды.
Мектеп басшылығының бастамасымен және облыстық полиция департаментінің тікелей қолдауымен жүзеге асырылған патриоттық іс-шараға полиция, жастар саясаты, білім басқармасы өкілдері және ата-аналар қатысты.

«Жас сақшы» сыныптары — ержүрек, адал әрі тәртіпті оқушыларды тәрбиелеудегі маңызды қадам. Иығына погон тағып, полицей формасын киюге ниет білдірген балалар санының көптігі ескеріліп, бұл мектепте бір мезетте екі «Жас сақшы» сыныбы ашылды.
Салтанатты ашылу рәсімінде облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов жас сақшылардың қадамына сәттілік тілеп, олардың Отанға адал, мейірімді, азаматтық ұстанымдары биік адам болатынына сенім білдірді.
7-сыныптың 52 оқушысы мақтанышпен әрі толқыныс сезімімен салтанатты түрде адалдық антын беріп, «Жас сақшы» куәліктеріне ие болды. Олар мектеп базасында заманауи үлгіде және патриоттық рухта жабдықталған жаңа кабинетте білім алатын болады.
Балаларды барынша дұрыс бейімдеу мен тәрбиелеу мақсатында полиция департаменті мен мектеп басшылығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, алдағы бірлескен жұмыстың бағытын айқындады.
Сонымен қатар қатысушылар полицияның арнайы жасақ жауынгерлері, мектептің өнерлі оқушылары дайындаған әсерлі қойылымдарының куәсі болды.
Іс-шара соңында оқушыларды қамқорлыққа баулу мақсатында полицейлер жас сақшылармен бірге мектеп ауласындағы жаңа «Сақшылар аллеясына» шырша екті.

Ботакөз ЖАЛЕКЕШОВА,
облыстық полиция департаменті

ювенальдық полиция тобының бастығы,

полиция майоры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button