Жұмысшы мамандықтары жылы

Жастарға жұмысшы мамандықтар насихатталды

Amanat партиясының Шалқар аудандық филиалыжұмысшы мамандықтар жылына орай І.Үргенішбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің түлектеріне өндірістік экскурсия ұйымдастырды. Іс-шара барысында 20-дан астам оқушы «Қамқор Локомотив» ЖШС Шалқар сервистік орталығына барып,цехтардың жұмысымен, тепловоздарға техникалық және сервистік қызмет көрсету жүйесімен танысты.

Шалқар сервистік орталығының еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженері Салтанат Өтегенова қатысушыларға мекеменің тарихын баяндап, оның ел экономикасындағы маңызын және тепловоздарға қызмет көрсету кезінде қолданылатын технологиялар туралы айтып берді.

-Кәсіби бағдар беру – мамандықты дұрыс таңдаудың кепілі. Бүгін жастар кәсіпорынның жұмысымен тереңірек танысып, өндірістік процестерді өз көздерімен көрді.Бұл адал еңбек етуге ынталы жастардың санын арттырып, қоғамымызда қажырлы еңбек пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге көмектесетіні сөзсіз, – деді партияның Шалқар аудандық филалының консультанты Нұрболат Мұрсалов.

«Қамқор Локомотив» ЖШС Шалқар сервистік орталығы 1905 жылы Шалқар паравоз депосы ретінде пайдалануға берілген. Былтыр кәсіпорында426 тепловозға техникалық қызмет, 123 тепловозға сервистік қызмет көрсетіліп, 2096 дөңгелек жоңылды. Мұнда 300-ден астам адам жұмыс істейді,көпшілігі – жергілікті тұрғындар.

Айта кетейік, «Қамқор Локомотив» бастауыш партия ұйымы кәсіпорындағы 50-ден астам партия мүшелерін біріктіріп отыр.

Меңтай Бектұрсынова.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button