Жаңалықтар

Жұмысшылар жарысты

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Алғада спорттық жарыс өтті.

Алғадағы Есет батыр атындағы спорт кешенінде аудандық аурухана, газ шаруашылығы мен «Алға-Жылу» мекемелері және индустриалдық-техникалық колледждің жұмысшылары, мамандар бақ сынасты.

Жарыс қол күресі, асық ату, гір көтеру, арқан тарту, т.б. ойындар бойынша ұйымдастырылды. Жарыс көңілді өтті, арасында әнге де кезек берілді.

Қорытындысында Алға газ шаруашылығының жұмысшыларынан құралған командаозып шығып, І орын иеленді. «Алға-Жылу» мекемесі — ІІ орынға, ал

аудандық аурухананың командасы ІІІ орынға ие болды. Жүлдегерлердипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

М.ТӘЖІБЕКОВА,

Алға ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button