Таза бейсенбі: аманаттықтар экологиялық мәдениетті қалыптастыруды жалғастыруда

Amanat партиясының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтіп, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасып келеді. Бұл іс-шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асуда.
-Хромтау қаласындағы партиялықтар «Отан Ана» ескерткішінің айналасын тазартты. Осылайша еліміздің киелі орындарын сақтау, тарихи, мәдени, табиғи және тарихи ескерткіштерінің жағдайына қоғам назарын аударды. Игі іске «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері, бастауыш ұйым төрағалары, партияның аудандық филиалы қызметкерлері қатысты.
-Бұл ескерткіш соғыс жылдары қан майданда ел бостандығы үшін мерт болған жауынгерлер мен арамызда үлгі-өнеге болып жүрген соғыс ардагерлеріне деген ерекше құрмет белгісі. Алып монумент – ана бейнесі кешегі, бүгінгі және ертеңгі ұрпақтар жалғастығын білдіреді. Мемориалдың тазалығын қадағалап, жағдайына назар аудару маңызды. Хромтау ауданында жыл басынан бері “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында 17 рет өтіп, 4 тонна қоқыс шығарылды”, – деді партияның Хромтау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Майра Балқыбаева.
Ырғыз және Шалқар ауданындағы партия мүшелері өзен жағалауларына, қобдалықтар былтырғы су тасқынынан задап шеккен тұрғындарға салынған үй-жайлардың маңына тазалық жұмыстарын жүргізді. Ал қаладағы партия белсенділері өндірістік аймақтар мен жол бойындағы аумақтарды тазартты.
-Жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында осындай акцияларды еріктілермен бірге тұрақты түрде өткізіп келеміз. Ауданымызда өзен арналары маңайын тазарту, көшелерді тәртіпке келтіру, қарияларға көмек көрсету шаралары белсенді түрде қолға алынған. Мұндай шаралар жас еріктілерді еңбекке баулып, денсаулығын нығайтып қана қоймай, туған жерге жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастырады, – деді партияның Қобда аудандық филиалының атқарушы хатшысы Елік Сәбитов.
Меңтай Бектұрсынова