Жаңалықтар

Ақтөбеден Қызылордаға, Оралға және Шымкентке тікелей рейстер ашылады

1 мамырдан бастап «Южное небо» әуекомпаниясы Ақтөбе мен Орал және Ақтөбе мен Қызылорда арасында тұрақты тікелей рейстерді орындай бастайды. Ал Шымкентке ұшақтар 2 мамырдан ұшуын қайта бастайды. Әуе рейстерінің ашылуы жолаушылардың саяхаттауына және іскерлік сапарларға жаңа мүмкіндік.

Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы әкімшілігінің мәліментінше, Ақтөбеден-Оралға рейстер аптасына екі рет: сәрсенбі және жексенбі күндері, ал кері бағытта — дүйсенбі және бейсенбі күндері жүзеге асырылады. Билеттер 16 мың теңгеден бастап сатылады.

Ақтөбеден-Қызылордаға рейстер аптасына екі рет: дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал кері бағытта — сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады. Билет құны 26 мың теңгеден басталады.

Scat әуекомпаниясы Ақтөбе-Шымкент-Ақтөбе бағытындағы рейстерді дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндеріне жоспарлаған, ал Flyarystan әуекомпаниясы аталған қалаға 1 маусымнан бастап сәрсенбі және жексенбі күндері рейстерді орындамақ. Билеттер сатылымда, 18 мың теңгеден жоғары.

02 сәуір 2025

Ақтөбе облысында өрт қауіпті кезеңде өрттің алдын алу шаралары күшейтілуде

02 сәуір 2025

Биыл Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы саласында 16,5 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылмақ

01 сәуір 2025

Дмитрий Баландин Ақтөбеге келді

01 сәуір 2025

2 сәуірден бастап №630 пойыз «Ақтөбе – Қазалы» бағыты бойынша жүреді

01 сәуір 2025

«Таза Қазақстан» акциясы: Халықаралық құстар күнінде ақтөбелік оқушылар құстарға ұя жасады

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button