Ақтөбе облысында өрт қауіпті кезеңде өрттің алдын алу шаралары күшейтілуде

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты ауқымды жұмыстар жүргізуде. Орман-дала өрттерінің алдын алу мақсатында арнайы рейдтер ұйымдастырылып, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріледі. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметі мен орман шаруашылығы қызметкерлерінен құралған мобильді топтар орман алқаптарын патрульдеп, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қадағалауға көшеді.
Өрт қауіпті кезеңі басталған кезде өрт саны артады. Әсіресе, құрғақ шөпті және қоқысты жағу жағдайлары жиі орын алып, дала мен орман өрттері көбейе түседі. Осыған байланысты, Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті қоқыс пен далада, аулада от жағуға қатаң тыйым салады.
«Барлық учаске иелерінде өрт сөндіру құралдары тұрақты дайындықта болуы қажет. Жеке үйлердің иелері учаскелерін қоқыстардан, құрғақ шөптерден уақтылы тазартуды қамтамасыз етуге міндетті. От жағуға және үйлерде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға жол берілмеу керек», – деп атап өтті департаменттің МӨББ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Аслан Мұхтар.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін бүгінгі таңда 8 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Өрт болған жағдайда тұрғындар «101» немесе «112» нөмірлері арқылы өрт сөндіру қызметін шақырулары қажет.
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және алдын алу шараларын жүзеге асыруға бар күшін салып, облыс тұрғындарын өрттің зардабынан сақтануға шақырады.