Жаңалықтар

2 сәуірден бастап №630 пойыз «Ақтөбе – Қазалы» бағыты бойынша жүреді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» өңірлік филиалы 2024 жылдың қазан айында іске қосылған «Ақтөбе – Шалқар» пойызының бағытын Қазалы бекетіне дейін ұзартылғанын хабарлады.

Енді «Ақтөбе-Қазалы» пойызы Шалқар және Сексеуіл станциялары арқылы өтеді. Бастапқы кезеңде 6 вагон тіркеледі: үш купе және үш плацкарт. Болашақта жолаушылар ағыны көбейген жағдайда тағы төрт және одан да көп вагон қосу жоспарланып отыр. 

Шалқарға жол жүру құны өзгеріссіз қалады. Ақтөбеден Қазалыға бару үшін билет құны плацкарт вагонында 5 786 теңге болса, купе 8 581 теңгені құрайды.

Ақтөбеден пойыз жұп күндері сағат 22:25-те жөнелтіледі және келесі күні Қазалыға сағат 11:32-де жетеді. Ал, «Қазалы-Ақтөбе» бағыты бойынша № 629 пойыз тақ күндері сағат 18:20-да жүреді. Келесі күні сағат 7:34-те Ақтөбеге жетеді.

№ 630 пойыздың алғашқы тасымалы 2 сәуірде сағат 21:00-де Ақтөбе теміржол станциясының вокзалынан бастау алады.

Н.ДАБЫЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button