«Авиатор» саябағына 120 түп шаған отырғызылды

Бүгін қаланы аралау кезінде облыс басшысы Асхат Шахаров «Авиатор» саябағында сенбілік өткізген қалалық «Қазақ тілі» қоғамы мен ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, оларға ризашылығын білдірді.
Әкім биылғы көктем өңірімізге ерте келгенін, жер көктегенге дейін облыс аумағында тазалық шараларын өткізу маңызды екенін алға тартты.
Аға буын «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы шараларға, екіайлық сенбілікке үлес қосатындарын, әсіресе, жастарға үлгі болу үшін әлі де тазалық шараларына қатысуды жалғастыратындарын айтып қалды. Әкім оларды келер аптада Шанхай ықшамауданында ұйымдастыру жоспарланып отырған тазалық шарасына шақырды.
Бүгін қалалық «Қазақ тілі» қоғамы мен ардагерлер кеңесінің мүшелері Әуе қалашығындағы «Авиатор» саябағын мұнтаздай тазалап, көктемгі ағаш отырғызу науқанын бастап кетті.
Д.АЙДАР.