Әлеумет

Мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсетілді

Әлеуметтік қолдау

Ақтөбе облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары Мәртөк ауданында көшпелі отырыс өткізді.

Аудандық емхана базасында мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетілді.Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында медициналық-әлеуметтік сараптамаға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, мүгедектік пен еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін анықтау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіліп, әлеуметтік қорғау шараларын белгілеу жүзеге асырылды.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың және құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының маңыздылығы атап өтіліп, осы бағыттағы жұмыстарға қатаң бақылау жүргізу қажеттілігі ескертілді.

Халыққа медициналық әлеуметтік мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары да  жүргізілді.

Сәуле ҚАРАБЕКОВА,

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу

және бақылау комитетінің 

Ақтөбе облысы бойынша департаменті

№2 медициналық-әлеуметтік

сараптама бөлімінің басшысы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button