Пікір

Ертеңгі күнге нық сеніммен

Бекжан АППАЗОВ,

Алға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Алға — Ақтөбеге таяу орналасқан аудан. Дегенмен былтырға дейін жол қатынасы өте күрделі болды. Ақтөбе-Атырау-Астрахан күре жолын реконструкциялау жұмыстарының аяқталуымен бұл мәселе шешілді. Біз үшін Ақтөбе, шын мәнінде, жақын қалаға айналды десек те болады. Жол қатынасының қиындығынан құтылдық.

Жалпы, соңғы жылдары елімізде жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Халық та мұны көріп отыр. Тек өткен жылы ғана 12 мың шақырым көлік магистралі құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылған, оның 8 мың шақырымы республикалық маңызға ие жолдар болса, ал қалған 4 мың шақырымы жергілікті жолдарға тиесілі. Премьер-министр Олжас Бектенов жуырда ғана өзінің «Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында» атты мақаласында атап өткендей, бұл, расында, рекордтық көрсеткіш.

Сонымен қатар еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қолға алынған газдандыру жұмыстарының нәтижесін молынан көріп отырған өңірдің бірі — біздің аудан. Аудан халқы көгілдір отынмен 98 пайыз қамтылған. Қалған елді мекен де жоспарға енгізіліп отыр. Тек өз өңіріміз ғана емес, жалпы елімізде бұл жұмыс соңғы жылдары қарқын алып келе жатқаны бізді қуантады. Биылғы жылдың басында елімізде 12 миллионнан астам адам табиғи газға қол жеткізіпті. Ал жыл соңына дейін тағы 45 жоба іске асырылып, газдандыру деңгейі 62 пайызға дейін көтерілмек.

Ауызсумен қамтуға келсек, бұл жерде көрсеткіштер әлдеқайда жоғары. Егер 2019 жылы  еліміз бойынша ауылдарды сумен қамту көрсеткіші 86,4 пайыз болса, қазір 97,8 пайызға жеткен. Біздің ауданда сапалы ауызсумен қамтылмаған екі ауыл ғана қалды. Олар да жақын уақыттың жоспарында тұр.

Соңғы жылдары пандемия болып өтті, түрлі шиеленіс ошақтарының пайда болуына байланысты да әлемде мазасыздық бар. Соған қарамастан елімізде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстар жақсы жүріп жатыр. Бұл ертеңге күнге деген сенімімізді нығайтады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button