Пікір

Бидайды терең өңдейтін ірі зауыт салу қажет

Берік Сариев, «Қазақстан Фермерлер қауымдастығы» Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы

Ақтөбе облысында 10 мыңдай шаруа қожалығы тіркелген соның ішінде 2300-дей қожалық жалпы егіншілік бағытымен айналысуда. Жері шұрайлы егіншілікке келетін төрт ауданымыз бар, олар – Мәртөк, Қарғалы, Хромтау, Әйтеке би аудандары. Осы аудандарда 1 млн гектар егіншілік алқабы бар. Жалпы егіншілік бағытындағы фермерлерге көмектер жайында айтатын болсам:
1) техникаларды 5 пайызбен жылдық сыйақымен беруде, ол Қазақстанда шығарылған техника болса – 30% субсидиялайды;
2) элита тұқым егілетін болса аумақтан алынған 10% тұқымның 50 пайызын субсидиялап жатыр;
3) минералды тыңайтқыштар шығарып жатқан Казфосфат пен Казазот зауыттарының минералдық тыңайтқышының құнын 60% субсидиялауда;
4) жыл сайын жеңілдетілген дизель отынын беріп отыр биылға белгілеген бағасы литрге 253 тенге;
5) гербицидтер мен таңайтқыштар – 50% субсидиялануда;
6) суармалы егістікке қойылатын су бүркігіш машиналарын 50-80 пайыздай құнын субсидиялауда.
Жермен жұмыс істеу – күрделі әрі қажырлы еңбекті талап ететін сала. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін көрсетілетін қолдаудың арқасында алынған өнім негізінен ұн комбинаттарына өткізіледі. Алайда, нарықтағы баға тұрақсыз:
көктемде бидай құны жоғары болғанымен, күзде өнім мол болған кезде сатып алушылар оның бағасын өзіндік құнынан төмен белгілеуі жиі кездеседі. Бұл жағдай фермерлердің қаржылық тұрақтылығына кері әсерін тигізіп, банкроттыққа ұшыратуы мүмкін. Сондықтан, өңірімізде тек ұн өндірумен шектелмей, бидайды терең өңдейтін ірі зауыт салу қажеттілігі туындап отыр. Бұл – Президенттің өнімді терең өңдеуді 70 пайызға дейін жеткізу туралы тапсырмасына сәйкес келеді. Сонымен қатар, төрт ауданға тиесілі 1 миллион гектар егістік алқабын толықтай игеру үшін өңірімізде астық кластерін құрып, оны жүйелі түрде іске асыру қажет.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button