Пікір

Инфрақұрылымды дамыту — табысты қадам

Боран ІЗБАСОВ,

облыстық мәслихат депутаты.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың ел басқарғанына алты жыл толды. Бұл кезең ел үшін оңайға соқпады. Әлемдік геосаяси шиеленіс, пандемия және өзге де сын-қатерлер мемлекеттің даму жолында үлкен сынақ болды. Дегенмен Президенттің сарабдал саясаты мен көрегенділігінің арқасында еліміз барлық қиындыққа төтеп беріп, жаңа даму кезеңін бастан өткеріп жатыр.

Осы мәселелерге кеңінен тоқталған Үкімет басшысы Олжас Бектенов өз мақаласында отандық экономиканы ілгерілеткен көптеген саладағы жетістіктеріміз жайлы айтып берді. Меніңше, жеткен жетістіктеріміздің барлығы дерлік Президентіміздің жүйелі жұмысының нәтижесі мен халықтың қолдауы.

Қазір елімізде ең басты міндет — халқымыздың әл-ауқатын жақсарту. Бұл орайда Президентіміз жаңа реформаларды қабылдап, бірқатар Заңдарға өзгерістер енгізуде. Сондай-ақ инфрақұрылымды жаңғырту және әлеуметтік саланы қолдауға да ерекше басымдық берілуде. Бұл туралы Үкімет басшысы өз мақаласында кеңінен қозғалған. Соңғы алты жылда елімізде энергетика мен коммуналдық сектор жаңартылып, 4,4 мың шақырым жаңа автожол салынды. Оның ішінде Орталық-Шығыс, Орталық-Оңтүстік, Талдықорған-Өскемен, Ақтөбе-Атырау-Астрахань және басқа да күре жолдарды реконструкциялау аяқталды. Мәселен, біздің өңірімізде биыл тағы да 228 шақырым жол жөнделеді. Осылайша облыстағы жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жолдардың үлесі 82 пайызға жетеді деп күтілуде.

Бұдан бөлек алты жыл ішінде елімізде бұрын-соңды болмаған 250 жол бойындағы сервис нысаны бой көтерді. Біздің облысымызда да қазір заманауи талапқа сай жол бойы нысандары салынып жатыр. Міне, осының бәрі — мемлекеттің инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлетінінің айқын көрсеткіші.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button