Пікір

Президент реформалары азаматтарға сенім ұялатты – Ерлан Қошанов

Қазақстанда әр іс-әрекеттен заң мен тәртіпке деген құрмет көрініп тұратын әлеуметтік мемлекеттің айшықты бейнесі айқындалып келеді. Бұл туралы Президенттің реформаларын іске асыруға арналған Мәжілістің жалпы отырысында Палата спикері Ерлан Қошанов айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

активтерді қайтару, балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау туралы, «Ұлттық қор – балаларға» және басқа да заңдар бар.

Ерлан Қошанов Ұлттық құрылтай форум ғана емес, ықпалды қоғамдық-саяси институтқа айналғанын атап өтті. Жуық арада ғана өткен Құрылтайдың кезекті отырысында Мемлекет басшысы бірқатар жаңа міндет қойды.  Олардың ішінде салық реформасы, деструктивті діни ағымдармен күрес, сондай-ақ депутаттардың бастамасымен әзірленген шекаралық аймақтарды дамыту туралы заң жобасы бар. Мәжіліс спикері құрылтайда Мемлекет басшысы жалпыұлттық іс-қимыл жоспарын белгілеп, барлығын оны іске асыруға белсенді атсалысуға шақырғанын атап өтті.

«Біз мүлде жаңа, сәт сайын құбылып, өзгеріп жатқан тарихи дәуірде өмір сүріп отырмыз. Ал, тарихта екінші мүмкіндік деген болмайды. Халық, ұлт ретінде соны түсінуіміз керек. Жарқын болашақ дегеніміз – тағдырдың жәй ғана сыйы емес. Біздің адал еңбегіміздің, төккен теріміздің өтеуі болатынын жадымыздан шығармайық. Бұл жолда ұлт болып, жұрт болып жұмылып, бірге жұмыс істеуіміз керек», деді Ерлан Қошанов.

Елдегі реформалардың қазіргі жағдайына Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, экономист Жақсыбек Күлекеев, саяси шолушы Ғазиз Әбішев және Мәжіліс депутаттары өз бағасын берді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button