Әлеумет
Қайырымдылық — қадірлі іс

Сенбі күні «Наурызнама» жалпыұлттық онкүндігі аясында қайырымдылық күні атап өтілді.
Осы атаулы күнаясында өңірдің белсенді жастары қала тұрғындарына ыстық бәліш пен шай ұсынып, шынайы тілектерін жеткізді.
Сондай-ақ облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Фонд помощи Продуктовая корзина» жеке қайырымдылық қоры бірлесіп, ерекше күтімді қажет ететін балаларға төсек-жабдықтар сыйға тартты. Қайырымды жастар ардагерлерге көмек көрсетіп, олардың ауласын қардан тазартып берді.
Бұдан бөлек еріктілер дағдарыс орталығына барып, ондағы азаматтарға медициналық көмек көрсетті. Атап айтсақ, қариялар мен науқас жандардың қан қысымын, дене қызуын, қандағы қан мөлшерін өлшеп берді, аурулардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Д.АЙДАР.