Әлеумет

Ақтөбе облысында 2024 жылы 20 мыңнан астам адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды

Ақтөбе облысы бойынша 2024 жылдың қорытындысы бойыншаМемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны 20,2 мың адамды құрады, төлемдердің жалпы сомасы 6,6 млн. теңгені құрады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем,соңғы 24 айдағы орташа табыстың 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:

– eGov.kz порталында авторизациялану қажет;

– «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау қажет;

– онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;

– бір күн ішінде тұрғылықты жердегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмысорындарын ұсынады;

– егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде онлайн түрде жұмыссыз статусы беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);

Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Қызмет көрсетуге келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматы түрде тағайындалады.

Естеріңізге салатын болсақ, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды, ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.

Ақтөбе облысы бойынша

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру

қоры» АҚ филиалының директоры

Күзеуов Нұрлан Сәрсенұлы

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button