Жеңіс
Өшпес ерлік

Сергей Васильевич ВАВИЛОВ
(1914-1943)
1914 жылы 20 тамызда Орынбор облысында (Ресей) туған. Ақтөбе облысында мұғалім, саяси қызметкер болған ол майданға соғыс басталған бойда өз еркімен аттанды. Дондағы Ростов қаласы үшін болған шайқаста саяси жетекші С.Вавилов ерекше көзге түсті. Тірі аждаһаға ұқсаған танктер батарея орналасқан жерге келіп қалды. Ұзын саны 50 танкі еді, әр артиллериске үш танкіден келеді. С.Вавиловтың зеңбірегі бірнеше танкіні жойды, өзі ерлікпен қаза тапты. Бірақ олар бекінген төбе жау қолына өтпеді. Атқыштар полкінің кіші саяси жетекшісі С.Вавиловқа 1943 жылдың 22 ақпанында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталған. Ақтөбе қаласының бір көшесі батырдың есімімен аталады.