Су тасқыны

Ойыл ауылында техникалық көпір іске қосылды

Енді аудан орталығына тұрғындардың қатынауына кедергі жоқ. Көліктер жүріп жатыр.

Бұған дейін Ойыл, Көптоғай, Қараой, Сарбие ауылдық округтерімен жол қатынасы үзілген болатын. Аталған техникалық көпірді іске қосу арқылы бұл мәселе шешілді.

Айта кететін жайт, техникалық көпір біржолақты бағыттағы  қозғалысқа арналған. Уақытша көпірден жеңіл көліктер кезектесіп өткізіледі.

Еске салайық, 15 наурызда Ойыл ауданының Ойыл ауылы аумағында уақытша салынған үйінді өткелді су бұзды.

Өңір басшысы Ойыл ауданына жасаған жұмыс сапарында ауылдың кіреберісіндегі Ойыл өзені арқылы техникалық көпірді тез арада пайдалануға беруді қатаң тапсырып, жеке бақылауына алған еді.

Құрылысқа 25 бірлік арнайы техника және 75-ке жуық адам тартылды, олар тәулік бойы жұмыс істеді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button