Спорт

Республикалық турнир өтті

Бокс

Мөңке бидің туғанына 350 жыл толуына орай Шалқар қаласында бокстан республикалық турнир және әкім кубогы өтті. 4-9 наурыз күндері аралығында ұйымдастырылған бәсекеге 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер қатысты.
№2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өткен додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 180 спортшы тас түйін дайындалыпты.
Жарыс  еліміздегі бокс спортын дамытуға, жасөспірімдер арасындаотансүйгіштік пен ұлтжандылықты насихаттауға және олардың спортпен жүйелі түрде шұғылдануына бағытталған. Турнирге Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан 12 команда қатысты. Жарысқа қолдау көрсетіп, тәжірибесімен бөлісуге бокстан әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Асланбек Шымбергенов шақырылды. Ол балаларға өзінің рингтегі әдіс-тәсілдерін үйретіп,жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс нәтижесі бойынша Шалқар командасы 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль алып жеңімпаз атанса, ІІ орынды Жамбыл облысы, ІІІ орынды Қызылорда облысы еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов, Мөңке бидің ұрпақтары және «Мөңке би» қорының өкілдері қатысты.
Жеңімпаздарға арнайы тапсырыспен жасалған медальдар, Алғыс хаттар және әр салмақ дәрежесі бойынша белбеулер табысталды. Ал командалық жүлде алған спортшыларға аудан әкімінің кубогы берілді,
— деді №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Миржан Жәдігеров.

Айдана НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button