Өнер орталығында «Дана әйел – әлемнің әні» атты 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған концерт өтті.

Өнер орталығында «Дана әйел – әлемнің әні» атты 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған концерт өтті.
Салтанатты шараға өңір басшысы Асхат Шахаров қатысты. Ол құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әйелдерге жан-жақты жағдай жасалып, отбасы институтын нығайту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын айтып өтті. Биылғы жылы жұмысшы мамандық иелеріне, қарапайым еңбек адамдарына көп көңіл бөлінетінін жеткізді.
🌷 Мерекелік құттықтаудан соң, концерт залына жиналған барша қыз-келіншекке гүлдер мен тәтті сыйлықтар таратылды. Шара концерттік бағдарламаға ұласты. Ана туралы әндер айтылып, бишілер мың бұрала биледі, театр әртістері нәзікжандылардың қоғамдағы рөлі туралы сахналық қойылым ұсынды. Қазақ камералық хорының ұжымы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев, ҚР Мәдениет қайраткері Аллаберген Жақсыбаев пен ақтөбелік өнерпаздардың шашуы әрбір көрерменге жылулық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.