Журналистер өткізген шуақты мереке

«Ақтөбе Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік жиын өтті.
Қазақстан Журналистер одағы Ақтөбе облыстық ұйымының төрағасы, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин медиа-компанияға қарасты облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттері мен «Үш таған» журналында қызмет атқаратын қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Ол журналист қыздардың бүгінгі қоғамдық-саяси өмірдегі белсенді еңбектерін атап көрсетіп, үздік қаламгерлерге Алғыс хаттар тапсырды. Сондай-ақ мереке иелеріне сыйлықтар ұсынылды. Медиа-компания кәсіподақ комитеті де өз құрметін жасады.
Салтанатты жиын медиа қызметкерлері дайындаған танымдық шара мен концерттік бағдарламаға ұласты. Ұжымдағы жігіттер жағы қыздарға арнап өлең оқыды, ән шырқады, мереке иелері би биледі. Көңілді кештің соңында ұжым болып естелік суретке түсті.





Өз тілшіміз.



