Басты жаңалықтар
Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметтегі нәзік жандылардың үлесі 57%-дан асады

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында жалпы мемлекеттік қызметшілердің саны — 3915 адам, Оның 2 мыңнан астамы – әйел, яғни 57,5 пайызын нәзік жандар құрап отыр.
Әртүрлі деңгейдегі басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі 25 пайыздан астам. Оның ішінде 3 аумақтық департамент басшылары, 3 басқарма басшысы, 9 басқарма басшысының орынбасарлары, 12 ауылдық округтерінің әкімдері, 38 қалалық, аудандық бөлім басшылары, 84 облыстық, аудандық құрылымдық бөлімдерінің басшылары.
1. Мемлекеттік қызметтегі жалпы әйелдер саны – 2249 адам (оның ішінде 32,5% 35 жасқа дейін);
2. Басшылық лауазымдардағы әйелдер саны – 157 адам (оның ішінде 14,3% 35 жасқа дейін);
3. Ең көп әйелдер қаумы қызмет ететін сала: білім, әлеуметтік және мәдениет салалары.






