Иманғали Тәукешұлы БІЛТАБАНОВ

Өшпес ерлік
(1925-1945)

1925 жылы 10 сәуірде Ақтөбе облысы Қобда ауданының Қосөткел ауылында туған. 1943 жылы әскерге шақырылып, қысқа мерзімді даярлықтан өткен соң майданға жіберілді. 1945 жылы 25 қаңтарда Одер өзенінің арғы жағалауындағы Одерфельд деревнясы үшін болған ұрыста ғана 1-Украин майданы 21-армия 289-атқыштар полкінің пулемет расчетінің командирі, сержант Иманғали Білтабанов 120 гитлершілді сұлатып салды. Жараланса да майдан алаңын тастап кетпеді. Ал 26 ақпан күні болған соңғы ұрыста ол беліне байланған гранаталарымен дзотқа секіріп, жау амбразурасын өзімен бірге жарып жіберді. Сержант И.Білтабановқа 1945 жылы 10 сәуірде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталған. Қазір Қобда ауданында бір округ, Ақтөбе қаласындағы бір көше батырдың есімімен аталады.
Мәлік ЖЕКЕЕВ,
Ақтөбе облысының құрметті азаматы,
«Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері.



