Өңірде су тасқынының алдын-алу қауіпсіздік шаралары өтуде

Айбат Жанабергенов, Ақтөбе облысының ТЖД бастығының орынбасары:
Құрметті Ақтөбе облысының және қала тұрғындары!
Өңірде облыс әкімінің өкімімен су тасқынының алдын-алуға байланысты 2 айлық қауіпсіздік шаралары өткізілуде.
Соңғы күндері қар толастап жауып, қолайсыз ауа райы сақталып отыр. Соған байланысты барлық күштер күшейтілген режімде жұмыс істеп, қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылуда. Жергілікті атқарушы органдар, құтқарушылар, әскери қызметкерлермен бірлесіп қар шығару, арықтарды тазарту, қапшықтарға құм салу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Көктемгі су тасқынына байланысты Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын алдын ала ескерту үшін халықты ақпараттандыру және қауіп төнген жағдайда әрекет ету тәртібі туралы жұмыстар атқарып келеді.
Екі айлық шеңберінде тұрғындарға 8 мыннан аста жадынама таратылды.
Бұл – сақтық шаралары екенін тағы да еске саламыз.
Қазіргі уақытта департаментте және 109 ахуалдық орталығында су тасқынына қарсы штаб жұмыс істеуде. Сондықтан тұрғындарды даурықпауға, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз.



