Басты жаңалықтар
Хабарландыру

Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары!
«Green Land» демалыс базасы және «Tropicano» отбасылық жағажайы ауданындағы Елек өзеніндегі мұз кептелісін алдын ала жою үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне байланысты жұмыстар 2025 жылдың 4 наурызында сағат 12.00-де және 16.00-де жүргізілетінін хабарлаймыз. Осы кезеңде жарылыс жұмыстарынан қатты дыбыстар естіліп, тербелістер туындауы мүмкін.
Баршаңызды сақтық шараларын сақтауға және қауіпті аймақтардан алшақ жүруге шақырамыз. Сондай-ақ, қауіпсіздік талаптарын орындау және жергілікті билік органдарының нұсқауларына бағыну қажеттігін еске саламыз.
Түсіністік білдіргеніңіз үшін рахмет!



