Басты жаңалықтар

Туризмді дамыту үшін ең бірінші инфрақұрылымды дамыту маңызды

Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Туризмді дамыту арқылы елдің экономикалық жағдайы жақсарады, әлеуметтік мәселелерді шешуге болады.
Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын қалыптастыруға ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм саласы әлемдегі ең табысты кәсіптің біріне айналды. Бұл сала жыл сайын дамып жатыр.
Сол себептен, Қазақстан туризм саласын дамытуға ерекше назар аударуда. Біздің елде туризмді дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жеткілікті.
Кең байтақ жерімізде Бурабай, Шарын шатқалы, Қазақстанның рухани астанасы Түркістан, Каспий теңізі және басқа да демалыс орындары мен киелі жерлер аз емес. Туризмді дамыту үшін ең бірінші инфрақұрылымды дамыту маңызды, сондай-ақ демалыс үйлері, қоғамдық тамақтандыру орындары, қонақ үйлер талапқа сай болуы керек.
Мен болашақта Қазақстанды туристік әлеуеті дамыған ел ретінде көремін.

Жадырасын Құспанұлы,
«Visit Aktobe» Туристік ақпараттық орталығы»

КММ директорының орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button