Басты жаңалықтар

БЫЛТЫРҒЫ ЖЫЛДЫҢ БАЯНЫ

Сот

Өткен жылы облыс соттарына талап қою арыздары көп түскен. Сондай-ақ былтыр татуластыру рәсімдерін қолданумен аяқталған істер саны артыпты. Бұл туралы 2024 жылғы соттар жұмысының қорытындысы бойынша өткен брифингте айтылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған іс-шараға облыстық соттың сот алқаларының төрағалары Әлібек Ахметов, Ербол Төлеев және Рәзия Ахметова қатысты.

Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асыру қорытындысы туралы облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әлібек Ахметов баяндады.

Былтыр облыс соттары 1621 тұлғаға қатысты жалпы саны 1434 іс қараған. Оның ішінде1282 тұлғаға қатысты 1137 іс үкім шығарумен аяқталып, олардың барлығы да сотталды. 8 тұлға ақталды.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Рәзия Ахметованың айтуынша, талап қою арыздарының саны артқан.

Сонымен қатар өткен жылы татуластыру рәсімдерін қолданумен аяқталған істер саны өсті. 2024 жылы облыс соттарында 18 665 азаматтық іс қаралып, оның 9894-і бойынша шешім шығарылды.Татуластыру рәсімдерімен аяқталған азаматтық істердің саны — 5 015 іс, — деді Рәзия Ахметова.

Жиында әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы төрағасы Ербол Төлеев әкімшілік әділет жұмысы туралы жан-жақты ақпарат берді. Оның айтуынша, былтыр облыс соттарында 1215 әкімшілік іс қаралған. Оның 436-сына шешім шығарылыпты. Қанағаттандырылғаны — 236, қанағаттандырудан бас тартылғаны — 200 іс.

Брифинг соңында журналистер қоғамдық қызығушылық тудырған сот істері бойынша сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button