Дүниеге үшем келді

Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері перзентханаға барып, жас босанған аналарды құттықтады. Сәбилердің арасында үшем де бар.
Облыстық перинаталық ортағына барған ассамблея мүшелері мереке қарсаңызда босанған аналарға сый-құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын табыстады. Мереке күні дүние есігін ашқан сәбилер ұлтжанды болып өссін деген ниетпен домбыра да сыйға ұсынылды.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы жас аналар кеңесінің төрайымы Роза Серғазина аналарды құттықтап, өз лебізін білдірді.
— Құрметті аналар! Сіздер – отбасының ұйытқысы, еліміздің болашағын тәрбиелеп отырған аяулы жандарсыздар. Жаңа туған нәрестелердің дені сау, болашағы жарқын болсын! Отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін! Аналық мейірім мен махаббат ешқашан сарқылмасын,— деді ол.
Мереке қарсаңында үшем босанған Әселхан Мұқышева енді көпбалалы ана атанды. Бұған дейін бір ұл мен бір қызды дүниеге әкелген.
— Ерекше жағдайға байланысты дәрігерлер 34-аптада кесір тілігі арқылы ота жасады. Нәрестелер сәл шала туылған соң салмақтары аздау. Бірінші бала (ұл) – 1 980 грамм, бойы – 42 см, екінші (қыз) – 1 440 грамм, бойы – 37 см, үшінші (ұл) – 1 840 грамм, бойы – 40 см. Олардың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.
Жолдасым жүргізуші болып жұмыс істесе, өзім – Ақтөбе қалалық №2 емханасында мейірбикемін. Қуанышымызды бөлісіп, құттықтауға келген Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдеріне алғысымды білдіремін. Бұндай құттықтау күтпедім. Бұл мереке енді ерекше есте қалатын болды, — деді Ә. Мұқышева.
Айдана АЛТЫБАЕВА.



