Басты жаңалықтар

ҰСТАЗ БЕН ШӘКІРТТЕРДІҢ КӨРМЕСІ

Көрме

Облыстық өнер музейінде «Шабыт қылқаламы» көрмесі өтіп жатыр. Мұнда Ақтөбе қалалық көркемсурет лицейінің педагогтері мен шәкірттерінің түрлі жанрда салынған еңбектері қойылған.

Көркемсурет лицейі мұғалімдерінің кәсіби деңгейін көтеру, шығармашылық тәжірибемен алмасу, көрермендердің эстетикалық талғамын қалыптастыруға бағытталған көрме музейдің кіші залында ашылды. Бұл жерге 15 педагог пен 12 шәкірттің жалпы саны 51 жұмысы ұсынылды. Кескіндеме жанрындағы еңбектерге басымдық берілген көрмені ақысыз негізде тамашалай аласыздар, — дейді облыстық өнер музейінің ғылыми қызметкері Іңкәр Әлібекова.

Аталған мәдени шараның таныстырылымына өнер жанашырлары мен қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары, қала тұрғындары қатысты.

Көрме 15  наурызға дейін жалғасады.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button