Басты жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

Көктауда Ақтөбе мыс компаниясының өндірістік алаңында жаңа медициналық пункттің құрылысы аяқталды.

Кеншілер үшін тұрғызылған медициналық пункт барлық заманауи талаптарға сай жабдықталған. Ғимаратта профилактикалық, ауысымдық тексерулер жүргізу, алғашқы көмек көрсету, дәрігерден кеңес алу бөлмелері қарастырылған. Сондай-ақ, дәрі-дәрмек сақтайтын, екпе салатын орындар бар.

Жұмысшылар денсаулығын қадағалау үшін физиотерапиялық аппарат орнатылды. Ақтөбе мыс компаниясының дәрігері Серікбай Байғазин атап өткендей, жаңа жабдықтың көмегімен жұмысшылар қажетті процедуралардан өте алады.

Жаңадан салынған медициналық пунктке физиотерапиялық аппарат сатып алынды. Оны гипертония, неврологиялық және офтальмологиялық аурулардың алдын алуға пайдаланатын боламыз. Әрине, жаңа ғимарат кеншілер үшін өте ыңғайлы, — деді ол.

Жұмысшыларға ыңғайлы жағдай жасап, жұмыс ортасын жетілдіру үшін  компанияның инфрақұрылымы үнемі жаңартылып отырады. Компанияда хабарланғандай, жуырда шикізатты техникалық бақылау бөлімінің ғимараты, күзетшілер жатақханасы, бақылау-өткізу пункті толықтай жөндеуден өтіп, жабдықталды. Қазіргі уақытта «Весенне-Аралчинское» кенішіндегі жатақхананы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жұмыс орны мен аумақты абаттандыру бойынша басқа да іс-шаралар қолға алынған.

Ләззат ӘБДІРОВА,

Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button