Басты жаңалықтар
ҚАЛАМГЕРЛЕР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТЕДІ

Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалдарының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған тоғызқұмалақ, шахмат және дойбыдан аталған шығармашылық одақтардың мүшелері арасында 2025 жылдың 12 наурызы күні сағат 10.00-де Ақтөбе қаласы, Тілеу батыр көшесі, 10 мекенжайы бойынша «Ақтөбе Медиа» ЖШС Баспасөз клубында жарыс өтеді.

Жарыс жеңімпаздары үшін сыйлықтар белгіленді.
Байланыс телефоны: 8 702 249 9063.
Ұйымдастыру алқасы.



