ТІЛ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Кездесу
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің филология факультеті ғимаратында мәдениеттанушы, этнолог Серік Ерғалимен кездесу өтті.
«Қазақ тілі» халықаралық қауымдастығының мүшесі Серік Ерғалимен өткен басқосу оқытушылар мен студенттердің арнайы шақыртуымен ұйымдастырылды. «Сәті түскен сұхбат» атты шеберлік сағатында тіл білімі саласына қатысты мәселелер қозғалды.
— «Қазақ тілінің жазу жүйесі: Сингоемле» тақырыбында бірқатар тілтанушы ғалымдардың еңбектерін зерттеп, жаңа әдіс енгізу жолын қарастырып жатырмыз. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлының жазу жүйесіне ғалымдардың енгізген кейбір өзгертулерін қазіргі қоғамға ұсыну жолын қарастырдық.
Жалпы, Ахмет Байтұрсынұлы — қазіргі қазақ тілі мен әдебиетінің негізін қалаған ұлт ұстазы. Оның еңбектері әлі де көп зерттеуді қажет етеді. Сондықтан осындай кездесулер жиі өткізілуге тиіс. Бұндай дәрістер мен кеңестер біздің студенттердің ғылыми зерттеулерін дайындау мен жүргізудегі сапаны арттыруға ықпал етеді, — деді С.Ерғалиев.
Студенттер шеберлік сағаттан соң спикерге сұрақтар қойып, көкейде жүрген жауаптарын алды.
А.АЛТЫБАЕВА.



