Басты жаңалықтар

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ МАҢЫЗЫ ЗОР

Колледж

Қазіргі таңда білім беру жүйесі өзгеріске ұшырып жатыр. Бұл өзгерістердің басты себебі — жаңа ұрпақтың талаптары мен білім алу стилінің өзгешелігі. Олар тек ақпаратты меңгеріп қана қоймай, оның мәнін түсінуді, мәселені әртүрлі тұрғыдан талдауды және жаңа шешімдер табуды қалайды. Жаңа буынның білім аспектілері арасында инновацияға, шығармашылыққа және технологиялық жетістіктерге деген қажеттілік айқын көрініс тапты. Сондай-ақ білім алушылардың экологиялық, әлеуметтік мәселелерге және адам құқықтарына деген көзқарастары да айтарлықтай өзгерді.

Тәжірибе көрсеткендей, білім алушылар ақпаратты тек өз бетімен емес, топ ішінде талқылап, бірігіп жұмыс жасау арқылы жылдам қабылдайды. Сондықтан олар үшін командада жұмыс істеу, өз пікірін ашық білдіру, басқалардың пікірін тыңдау, тиімді коммуникация орнату маңызды. Осы тұста педагогтің дәстүрлі әдістермен қатар, түрлі инновациялық әдістер мен технологияларды үйлесімді қолданып, шығармашыл болуы шарт.

Білім беру жүйесінде ғылыми-әдістемелік жұмыстардың орны ерекше. Өйткені қоғамның сұранысына сәйкес оқу процесін жаңарту, оқытудың сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту маңызды болып отыр.

Қазіргі таңда колледжде жобалық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта оқытудың интерактивті әдістері мен технологияларын зерделеу бойынша бірнеше ғылыми-әдістемелік бағыттағы жобалар қолға алынып, шығармашылық топтар қауымдастығы құрылды. Басты мақсат — білім беру мазмұнын жетілдіру, оқыту әдістемелерін жаңарту және инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу арқылы білім сапасын арттыру.

Қауымдастық мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен «Әдістемелік ВОРКШОП», «Оқытушыны қайта жүктеу: жаңа идеялар энергиясы» семинар-практикумдер, «Интерактивті әдістерді сабақта тиімді қолдану» үлгілік сабақтар сериялары секілді іс-шаралар педагогтер үшін ерекше тәжірибе алмасу алаңы болды. Бұл іс-шаралар аясында педагогтер ТРИЗ, Апгрейд, DOODLING, ПОПС, т.б. интерактивтік технологиялардың әдістерімен танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Осы тұста озық тәжірибелерді зерделеп, ұсынуда белсенділік танытып жүрген К.Ниетбаева, А.Құрманбекова, Г.Наменова, Н.Аманова, Н.Құрманбаева, Л.Балғазиева, А.Қалиева, Г.Табынбаева, Ж.Әділова, А.Ільясова, Ж.Төрежанқызы, А.Медыева, Н.Амандықова, В.Уалиева, Е.Жармұханбетова, Б.Бисемалиева, Г.Еркебаева, С.Исабаева, А.Майлышева, А.Мангибаева, С.Құдайберген, Р.Сарбасова сынды педагогтерді ерекше атап кетуге болады.

Оқытушылардың оқушылармен бірлескен ғылыми-практикалық жобаларына келсек, оқушылар нақты өмірде кездесетін мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми-практикалық жобаларды жүргізуде. Мұндай жобалар ғылыми ізденістердің нәтижелерін өмірге енгізуге мүмкіндік береді және оқушылардың зерттеу жұмыстарының қоғамға пайда әкелетіндігін көрсетеді. Осы жобалар аясында информатика пәнінің оқытушылары А.Майлышева, А.Мангибаеваның жетекшілігімен MOFT педагогикалық шеберханасы, арнайы пән оқытушылары А.Қалиева, Л.Балғазива А.Мұхтарова, Г.Табынбаеваның жетекшілігімен «Темірқазық» оқырмандар клубы ашылды.

Қорыта айтқанда, колледждегі ғылыми-әдістемелік жұмыстар инновациялық әдістер мен технологияларды зерделеуге, оларды оқу процесіне енгізуге бағытталады. Осы тұста шығармашылық топтардың жұмыстары білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берері сөзсіз.

 

Ж.ӘЛІШЕВА,

Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің директоры.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button