Спорт

Қысқы сайыстар

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының бастамасымен дәстүрлі жарыс өтті.

Бұл шара Қазақстан кәсіподақтар қозғалысының 120 жылдығына және батыр қызымыз Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды.

Дүбірлі сайысқа мәдениет және спорт саласы қызметкерлері қатысты.

Биыл тоғызыншы рет өткізіліп отырған додаға Ақтөбе қалалық спорт және денешынықтыру бөлімі қолдау білдіріп,  қысқы спорт түрлері бойынша бәсекелер облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі негізінде ұйымдастырылды.

Спорттық жарыстарға бұл жолы қатысушы командалар саны әдеттегіден көп болды, барлығы 35 команда мүшелері өзара тартысқа түсті.

Шаңғыдан эстафеталық жарысқа 150-ден астам  кәсіподақ мүшелері қатысты.

Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

Бірінші орынды зағип жандарға арналған кітапхана ұжымы иеленді.

Одан кейінгі жүлделі орындарды «Алақай» қуыршақ театры мен облыстық мемлекеттік архив ұжымдары, К.Нокин атындағы Мәдениет үйі,С.Бәйішев атындағы облыстық кітапхана мен қалалық Мәдениет үйі командалары бөлісті.

Қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Қобда  ауданы, «Достық» су спорты, Шалқар  ауданы,  облыстық №3 және №2 спорт мектептері командалары үздік атанды.

Н.ӘДІЛЕТОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button