«Бейбарыс-1» — бас жүлде иегері

Хоккей
Өткен сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Олимп» №5 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде шайбалы хоккейден «Алтын шайба» облыстық чемпионаты қорытындыланды.
Мақсат — қысқы спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жас хоккейшілердің басын қосу.
Екі күнге созылған мұз үстіндегі жарыс 2015-2016 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткізілді. Сайысқа Ақтөбе қаласынан «Олимп-1», «Олимп-2», Орал қаласынан «Ястребы», Атырау қаласынан «Бейбарыс-1», «Бейбарыс-2», «Бейбарыс-3» командалары, барлығы 95 спортшы қатысты.
— Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан чемпионатта жарқырай көрінген қатысушыларға да сыйлық дайындадық. Атап айтсам, жарыс қорытындысы бойынша ақтөбеліктерден Әмір Балманов «Үздік шабуылдаушы», Дмитрий Воронцов «Үздік қорғаушы», Алан Әбен мен Ибраһим Нұғман «Үздік қақпашы» атанды. Сол сияқты өзге қалалардан келгендерді атаусыз қалдырмадық. Ата-аналар да қалыс қалмай, жарысқа қатысушы командаларға сыйлықтар табыстады, — дейді жоғарыда аталған спорт мектебі директорының орынбасары Ақмарал Орынбасар.
Тартысты бәсеке соңында жалпы командалық есеп бойынша жеңімпаз болған «Бейбарыс-1» менжүлделі II, III орындарды иеленген «Олимп-1»,
«Ястребы» командаларына медальдар мен мадақтамалар берілді.
Айбек СЕРІКҰЛЫ.