Әлеумет

Атаулы әлеуметтік көмек: биыл не өзгерді?

 Биыл атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәсілдері өзгеріп, өзгерістер осы айдан бастап қолданысқа енгізілді.

Табысы аз азаматтарға қандай  әлеуметтік қолдау көрсетіледі? 2025 жылдан бастап енгізіліп жатқан атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа тәсілдері қандай? Осы тектес сұрақтарды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Бисенғалиеваға қойған едік…

— Әуелі табысы аз азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы айтып өтсеңіз?

— Әлеуметтік қолдау шараларының маңызды бір бағыты — табысы аз азаматтарды қолдау. Елімізде аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмектің бірнеше түрі бар. Олардың бірі — жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төменотбасыларға берілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек. Осал топтағы отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығару үшін мемлекет тарапынан кешенді қолдаукөрсету қарастырылған. Біріншіден, шартсыз және шартты ақшалай көмек, екіншіден, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар, үшіншіден, аз қамтылған атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардан шыққан 1 жастан 6  дейінгі әрбір балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш (биыл — 5 898 теңге) мөлшеріндегі қосымша төлем.

Былтыр облыс бойынша 3055 отбасындағы 16011аз қамтылған адамға1581,6 миллион теңгемемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекжәне осы отбасылардың 1-6 жастағы 5091баласынақосымша 240,3 миллион теңгеәлеуметтік төлемтөленді.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың дені — көпбалалы отбасылар, мұндағы 18 жасқа дейінгі балалар саны — 10740.

Сонымен қатар әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қамту шараларына тарту, еңбекке ынталандыру арқылы кедейлік шегінен шығару — басты міндеттердің бірі. Өткен жылы еңбекке қабілетті 384 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

— Ал кәсібін бастағысы келетін аз қамтылған отбасыларға тағы қандай қолдаулар бар екенін айта кетсеңіз?

Халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында мемлекеттік қайтарымсыз гранттың да үлесі орасан. Грантқа ие болғандар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеп, сақтандыру мен зейнетақы жүйелеріне енгізіледі.

Мемлекеттік гранттар алуға өтінімдер беру мерзімін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілейді және Business.enbek.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

Грант алуға үміткерлердің өтініші мен бизнес-жобасы гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарастыру бойынша Ақтөбе қаласы және аудандық комиссияның отырысында қаралып, бизнес-идеяның тиімділігіне қарай шешім шығарылады.

Мемлекеттік гранттың нысаналы мақсаты — жаңа бизнесті іске қосу және дамытуға өтеусіз берілген бастапқы капитал.

Грант көлемі — 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни1572 800 теңге. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Гранттар қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге, яғни қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, мал, құс сатып алуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік грант алуға әлеуметтік осал топтар қатарынан тіркелген жұмыссыздар немесе тіркелгеніне 3 жыл болмаған жеке кәсіпкерлер үміткер бола алады. Яғниәлеуметтік осал топтарғааз қамтылған отбасы мүшелері, яғни атаулы әлеуметтік көмек алушылар, еңбекке қабілетті мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырғандар, көпбалалы отбасы мүшелері, «қандас» мәртебесі бар тұлғалар, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар жатады.

Өткен жылы облыс бойынша 566 адамғагрант берілді. Оның 83-і — мүгедектігі бар бала тәрбиелеуші, 355-і —  көпбалалы отбасы, 96-сы — мүгедектігі бар азамат, 24-і —  асыраушысынан айырылу бойынша төлем алушы, 8-і —  атаулы әлеуметтік көмек алушы.

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда не өзгерді?

— Әлеуметтік кодекске сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінен айқындалатын болады.

Былтыр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп, Отбасының цифрлық картасының деректері негізінде тоқсан сайынғы медиандық кіріс мөлшерін есептеді. Жүргізілген есептеулер нәтижесінде кедейлік шегі медиандық кірістің 35 пайыз деңгейінде, бірақ қолданыстағы деңгейден төмен емес, яғни өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайыз деңгейінде айқындалды.

Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының тұрмыс жағдайын зерттейтін учаскелік комиссиялардың қызметі күшейтілді.Олардың жұмысы FSM social мобильді қосымшасы арқылы материалдық жағдайды зерттеу негізінде жүргізіледі. Бұл бағытта осы жылдың 16 қаңтарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы мамандары өңірге келіп, атаулы әлеуметтік көмекпен айналысатын мамандарға және учаскелік комиссия мүшелеріне мобильді қосымшаның жұмысы туралы дәрістер өткізді.

Сонымен бірге биылатаулы әлеуметтік көмекке үміткер азаматтардың шығыстарын есепке алу тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Мұнда үміткер өтініш берген кезде пилоттық жобаға қатысуға келісім береді, содан кейін отбасының барлық кәмелетке толған мүшелеріне жеке телефон нөмірлеріне1414 нөмірінен sms-хабарлама жіберіледі,оған олар бір жұмыс күні ішінде жауап беруге тиіс.

Тағы бір ескеретін жайт, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде азаматтардың шығыстарының бірнеше түрі ескерілетін болады. Мәселен, тұрғын үйді немесе жеңіл автокөлікті меншікке сатып алуы,айына отбасының әрбір мүшесіне бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары мөлшердегі ипотекалық қарызды қоспағанда, банктік қарыздарды және микрокредиттерді ресімдеу, жеке тұлғаның (отбасының) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларының болуы ,айына отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен асатын жиынтықтың болуы, ипотекалық депозитті қоспағанда, бір отбасына 200айлық есептік көрсеткіштен астам мөлшердегі жинақ салымы немесе депозитінің болуы есепке алынады. Ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпаратты жинау өтініш берушіден және оның отбасы мүшелерінен мемлекеттік органдар мен екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері арқылы жиынтық түрде келісім алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.Егер банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының болуы кедейлік шегінен аспаса,онда атаулы әлеуметтік көмек қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалатын болады.

ГРАНТ КӨМЕГІМЕН АШЫЛҒАН ТАБЫСТЫ КӘСІПТЕР

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың арасында мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, өз кәсібін жүргізіп отырғандар да жетерлік.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың бірі — Әйтеке би ауданының тұрғыны Мөлдір Аманкелді. Ол өткен жылдың маусым айында комиссия шешімімен «Ірі қара»бизнес-жобасын сәтті қорғап, 400 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1476 800 теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ие болды. Бүгінде Мөлдір ауданның мал шаруашылығы саласының дамуына үлесін қосып, сиыр сауып, сүттен түрлі өнім жасап, сатуға шығарып отыр.

Осындай әлеуметтік санат өкілі — Байғанин ауданының тұрғыны Көркем Ілиясова. Ол да былтыр маусым айында комиссия шешімімен «Массаж орталығы» бизнес- жобасын сәтті қорғап, мемлекеттік қайтарымсыз гранттың арқасында кәсібін ашып, бүгінде табысты жүргізіп отыр. Көркем ашқан массаж орталығы өз клиенттеріне түрлі сауықтыру және релаксация қызметтерін ұсынып, сұранысқа ие болып тұр.

Мөлдір мен Көркемнің жетістіктері —қиындықтың тек уақытша екенін, еңбек пен табандылықтың арқасында кез келген адам өз өмірін өзгерте алатынын дәлелдейді.

Сұқбаттасқан Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button