Әлеумет

Құрметті Отан қорғаушылар!

Құрметті Отан қорғаушылар!

Қымбатты ақтөбеліктер!

Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

Ұлтаралық келісім мен тұрақтылық және достық пен ынтымақтастықтың үлкен шаңырағы – Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қауіпсіздігіне және оны мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өміріне егемен еліміздің қорғаныс күштері кепіл болады.

Жерлес жау жүрек жауынгерлеріміз бен сайыпқыран сарбаздарымыз да әуеде, жерде, теңізде ел тыныштығын міз бақпай, кірпік қақпай күзетіп, әскери борыштарын абыроймен өтеуде. Олар сан ғасырлар бойы елі мен жерін қорғап, бейбіт өмірді мұрат еткен бабалар мен аға ұрпақтың ерлік дәстүрлеріне сай қызмет етіп келеді. Отанды – туған жер мен бейбіт халықты қорғауда біздің ата-бабаларымыз, аға ұрпақ өкілдері мәңгі өлместей ерлік жасап, даңққа бөленді. Жаңа Қазақстанның жаңа тарихында халқымыздың тарих көмбесінде қалған батыр ұлдары мен қыздарының есімдері лайықты аталуда.

Біз оларды және тайынбай-тайсалмайтын жауынгерлік дәстүрге адал бүгінгі ізбасарларды әрқашанда мақтан етеміз.

Ақтөбеліктер қай салада да, қандай істе де көшбасында болуды дәстүрге айналдырды. Ендеше, туған еліміздің Қарулы күштер қатарындағы біздің жерлестеріміз қазіргі заманғы әскери техниканы, қорғаныс құралдарын жетік меңгеріп, оқу-жаттығу сынақтарында әрқашанда алдыңғы сапта бола беретініне сенемін.

Қымбатты жерлестер, Қарулы күштер ардагерлері!

Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бейбіт өмір, баянды бақыт және істеріңізге сәттілік тілеймін.

Құрметпен,

облыс әкімі                                               Елеусін САҒЫНДЫҚОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button