«Таза Қазақстан»Жастар

Мұғалжар ауданы Темір көпір ауылының жастары өз құрдастарын «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуға шақырды

Облыс әкімі Асхат Шахаровпен кездесуде Мұғалжар ауданының жастары өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту және абаттандыруға бағытталған республикалық акцияның өткізілуін талқылады.

Жастар жыл бойы сенбіліктерге және жасыл желектерді отырғызуға белсене атсалысты.

«Біз «Таза Қазақстан» акциясын қолдаймыз, себебі соның арқасында ауыл таза әрі әдемі күйге ендіБарлығы қоршаған ортаға қамқорлық жасауы керек және жастардың осы процестерге белсенді қатысуы маңыздыОсындай бастамалармен біз экожүйені жақсартып, өмір сүруге қолайлы жағдай жасай аламыз, сондай-ақ жастардытабиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға тәрбиелейміз. Тазалық пен тәртіп әрқайсымыздан басталады», – деді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Дәулет Серікбаев.

Облыс әкімі жас ауыл тұрғындарына белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғысын білдірді.

«Таза Қазақстан» акциясы – бұл жай ғана бастама емес, бұл біздің өмір сүру үшін таза және жайлы орта құруға қосқан ортақ үлесіміз. Президент еліміздің әрбір өңірі өз аумақтарының экологиясын жақсартуға және абаттандыруға қатысу керек деген міндет қойды. Жастардың осы өзгерістердің алдыңғы қатарында болуы маңызды, өйткені сіздер – еліміздің болашағысыздар. Сенбіліктер мен көгалдандыру шараларына қатысып қана қоймай, сонымен қатар қоқыстарды бөлек жинаужасыл аймақтарды құру және қоғамдық кеңістіктерді жақсарту бастамаларына белсенді қатысу қажет.

Өзіміздің және басқа да тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу маңызды, өйткенібалаларымыздың болашағы бізге байланыстыОсындай жобаларға қатысу арқылы сіздер өзгелерге үлгі көрсетернағыз көшбасшы боласыздар. Сіздердің көмектеріңізбен біз өңірімізді және елімізді таза әрі әдемі ететінімізге сенімдімін», – деп атап өтті облыс әкімі.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button