Спорт

Қар үстінде футбол ойнады

Турнир

Әйтеке би ауданының орталығы Т.Жүргенов ауылында «Теңбіл доп — 2025» футбол турнирі өтті. Жарысқа аудандағы мекемелерден 12 команда жасақталып, 120-дан астам адам қатысты.

Турнирді ұйымдастырудағы мақсат — спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спорт ойындары арқылы достық қарым-қатынасты нығайту. Жарысқа мекемелердегі жұмысшы мамандық иелері де қатысты. Құтқарушылар мен теміржол саласының мамандарынан команда жасақталды. Жалпы сайыста 12 команда өз шебереліктерін көрсетуге тырысты.

Нәтижесінде «Теңбіл доп — 2025» ауыспалы кубогы мен бірінші орынды М.Жұмабаеватындағы орта мектеп командасы жеңіп алды.  Ал екінші орындыТ.Жүргенов атындағы орта мектептің командасыиеленсе, үшінші орынға Т.Жүргенов атындағы білім ордасының командасы қол жеткізді. Сондай-ақ ойын кезінде көзге түскен Жасұлан Айдаубаев «Үздік ойыншы» атанса, Ербол Сұлтанов — «Үздік қақпашы», Марат Нажмадин — «Үздік шабуылшы», ал Жайдарлы Мәтенов «Үздік қорғаушы» номинацияларын жеңіп алды.

Аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаев өскелең ұрпаққа үлгі болғандары үшін спортшыларға алғысын айтты. Үздіктерге Диплом мен арнайы кубок және сыйлықтарды табыс етті.

Кәмшат ҚОПАЕВА. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button