Пікір

Ел дамуындағы жаңа кезең

Кәмшат ТӨЛЕУОВА, облыстық мәслихаттың депутаты.

Еліміздің бас басылымы — «EGEMEN QAZAQSTAN» газетінде «Елдігімізді танытқан ерен жыл» тақырыбындағы мақалада Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел басқарудағы тәжірибесі мен жауапкершілігі айрықша сипатталған. Оның еліміздегі тұрақтылықты сақтап, даму бағытындағы стратегиялық шешімдері Қазақстанның болашағының жарқын болуына үлкен сенім ұялатады. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, экономиканы жаңғырту, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған реформалары — мемлекетімізді өркендеудің жаңа сатысына шығаратын басты қадамдар.
Президенттің ел алдындағы адалдығы, халыққа жақын болуға ұмтылысы әрбір азаматтың мемлекетке деген сенімін арттырады. Бұл — көшбасшының елдің игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесін айқын көрсетеді.
Президентіміздің ел бірлігін нығайтуға, экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз етуге бағытталған бастамалары ұлт тағдырына деген терең жауапкершілігінің дәлелі.
Қасым-Жомарт Кемелұлының халықаралық аренадағы белсенділігі, бейбітшілік пен ынтымақтастықты насихаттауы — Қазақстанның жаһандық деңгейдегі беделін арттырды. Бұл біздің мемлекетімізді дамыған елдердің қатарына қосуға бағытталған стратегиялық қадамдардың айқын көрінісі.
Еліміздің өркендеуі жолында жасалып жатқан реформалар халықтың болашағына деген сенімін күшейтіп, әрбір азаматтың мемлекеттің дамуына үлес қосуына мүмкіндік береді.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button