Жаңалықтар

Әдеп жөніндегі уәкілдің  жұмысы

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегібекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес  мемлекеттік қызмет жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалар менӘдеп кодексінің сақталуы жөніндегі жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

Департаментте қызметкерлер қызметінде орын алған бұзушылық деректері мен басқа да деректерді хабарлауға болатын сенім телефоны жұмыс істейді. Сенім телефонының нөмірі «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник»  газеттерінде жарияланды.

Аудит нысанына шыққан кезде қызметкерлер міндетті түрде тексерілетін нысанда мүдделер қақтығысы және жоспарланған көлем мен белгіленген мерзімде аудит бағдарламаларын орындауға кедергілер жоқтығы туралы қолхат береді.

Аудит нысанына шығар алдында аудиторларға Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен  «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызметі  туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарын түсіндіру-алдын алунұсқаулығы жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметшілермен қызметтік этика нормаларының сақталуы, сондай-ақұжымдағыморальдық-психологиялық ахуалды зерделеу мақсатында  анонимді сауалнама жүргізіледі.

Департамент қызметкерлерінеәдеп жөніндегі уәкілдің, қызметті қамтамасыз ету бөлімі басшысының қатысуыментүрлі мерекелер қарсаңында сыйлықтар алуды болдырмау туралы түсіндіру жұмыстарын  жүргізу тұрақты бақылауда.

Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру және аудит нысаны жетекшілерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында Ақтөбе облысының бірқатар аудандарында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы»  Заңының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша семинар-кеңестер өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Департаменттегі  ішкі талдау жүргізетін жұмыс тобымен барлық бөлімдердің өткен жұмыскезеңіндегі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізілуде. Талдау нәтижелері қорытындыланып, анықтама жасалады.

ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының  18.11.2016 жылғы №141 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы  мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стандарттарын» Департамент қызметкерлерінің қатаң сақтау қажеттілігі туралы   ұдайы ескертіліп отырады.

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен  Мемлекеттік қызмет және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу бойыншажұмыстар алдағы уақытта да  жалғасын табатын болады.

 

Ақтөбе облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит

департаменті басшысының

орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі

 Иргалиева Анар Дирбысаловна

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button