Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер: маңыздысы — алдын алу
Ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің алдын алу жұмыстары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға, сондай-ақ «Бизнеске жол», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» және «Проблемалық құрылыс объектілерін сүйемелдеу» жобаларын іске асыруға жұмылдырылды.
Өтіп бара жатқан жылда денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, халықты әлеуметтік қорғау және автомобиль жолдары салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жасалды. Олардың қорытындысы бойынша 62 ұсыным әзірленді, оның 34-і орындалды, қалғандары бойынша орындалу мерзіміне сай ахуал бақылауда ұсталуда.
Қазіргі уақытта құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде.
Алдын ала қорытындылар осы салада құрылыс салу мерзімдерінің кешіктірілуіне және соның салдарынан құрылыс объектілерінің қымбаттауына әкелетін проблемалардың бар екендігін көрсетеді.
Ұзаққа созылған құрылыстардың пайда болуының негізгі себептерінің бірі құрылыс шығындарын сапасыз жоспарлау болып табылады.
Жекелеген жағдайларда құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған шартты орындау тапсырыс берушіде бюджет қаражатының тапшылығы жағдайында жүзеге асырылады, бұл барлық салынып жатқан объектілерді уақтылы қаржыландыру мүмкін еместігіне алып әкеледі.
Мысалы, Қарғалы ауданы Бадамша ауылында 150 орындық өнер мектебінің құрылысы кезінде (құрылыс мерзімі 10.12.2020-31.12.2021 жж.) жұмысты қаржыландыру проблемаларына байланысты бастапқыда жоспарланғандай 2021 жылдың желтоқсанында емес, тек 2024 жылдың маусымында аяқталды.
Сондай-ақ, талдау барысында сапасыз болжамдау деректері анықталды, онда құрылыстың басталуы және ішінара төленген объект орынсыз деп танылады.
Мәселен, Ақтөбе қаласындағы облыстық туберкулезге қарсы 300 орындық диспансері құрылысы өңірде туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуіне байланысты тиімсіз деп танылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның араласуынан кейін туберкулезге қарсы диспансердің орнына көпбейінді аурухана салу жоспарлануда.
Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мысалы, Қазақ саңыраулар қоғамының мәдениет үйі ғимаратты 178,5 млн.теңгеге сатып алуды жоспарлаған еді, негізінде осыған ұқсас ғимараттардың орташа құны 95 млн. теңгеден аспайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекеменің ұсынысы бойынша мұндай мемлекеттік сатып алулар өзгертіліп, бағаны азайту жағы қарастырылды.
Н. ӘДІЛЕТОВ.