Заң мен тәртіп

Елімізде сыбайлас жемқорлықты азайтуға қосқан үлесім

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық департаменттері Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы Жолдауында айтқан заң және тәртіп идеологиясына ерекше назар аударады. Осы тұста заң мен тәртіпті сақтау бойынша мемлекеттік қызметші («Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы»ММ бөлім басшысы) Нукусова Гүлнұрдың мақаласын ұсынамыз. 

Сыбайлас жемқорлық-бұл азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін төмендетуге және экономикалық өсуді бәсеңдетуге қабілетті қоғамның дамуы үшін ең үлкен қауіптердің бірі. Бұл құбылыспен күресте әрқайсымыздың өз рөлімізді білуіміз маңызды. Мен өз эссемде еліміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша жеке тәжірибеммен және нақты ұсыныстармен бөлісетін боламын.

Менің өмірімдегі ең есте қаларлық және таң қалдыратын сәттердің бірі балаларымның дүниеге келуі болды. Жақын құрбыларымның тәжірибесінде белгіленген перзентханада өзіне «жайлы» дәрігермен босану үшін, онымен алдын ала келісіп, сұраған ақшасын беріп қояды екенсін (150-250 мың теңге шамасында). Кейін босану уақыты келіп, перзентханаға жолға шыққанда, келіскен дәрігерінді ескертесін және ол сол перзентханаға келісім бойынша сені босандыруға келеді. Дәрігер бұл күні кезекшілікте болмаса да, демалып жатса да, келеді.

Ал перзентханаға мен өзім түскенде(2021, 2023жж.), мен сыбайлас жемқорлықтың айқын белгілеріне тап болдым. Кейбір дәрігерлер мен медбикелер қажетті қызметтер мен назар аудару процесін «жеделдету» және «жеңілдету» үшін қосымша төлемдерді талап еткендері болды. Яғни, келіншектер жатқан палатаға келіп, «Каспий»-дегі телефон номерлерін айтып, «сүйінші» күтетіндерін айтады. Мен өмірдің тууы сияқты маңызды сәтте адамдар өз күштерін өзімшілдік мақсатта пайдалануға дайын екеніне таң қалдым. Бұл тәжірибе мен үшін маңызды сигнал болды және мен оған қалай қарсы тұра алатынымды ойлауға түрткі болды.

Жалпы мен мемлекеттік қызметтегі 12 жылдан астам тәжірибемде мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері жүктелген бөлімдерде қызмет етіп келемін. Осы аралықта мен республикалық және облыстық деңгейлердегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламаларында көзделген іс-шараларды орындауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарына; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша көптеген біліктілікті арттыру семинарларына, дөңгелек үстелдерге және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасымен және өкілдерімен өткен кездесулерге қатыстым.Бұл бағыттағы қызмет мен үшін қызықты ғана емес, сонымен қатар танымдық, өйткені мен күн сайын жақсартудың жаңа қиындықтары мен мүмкіндіктеріне тап боламын.

Өзімнің жеке тәжірибем бойынша, перзентханалардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету үшін мен келесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды ұсынамын:

1) Медициналық қызметтерге ашық тарифтерді енгізу. Пациенттер не үшін төлейтінін білуі үшін белгіленген бағамен қызметтердің нақты және ашық тізімін белгілеу қажет;

2) Тәуелсіз бақылау комитетін құру. Бұл комитетке перзентханалардың жұмысын қадағалайтын және стандарттар мен ережелердің сақталуын тексеретін қоғам өкілдері мен мамандар кіруі керек;

3) Шағымдар үшін анонимді арналар. Әйелдер сыбайлас жемқорлық немесе дәрігерлердің заңсыз әрекеттері туралы жасырын түрде хабарлай алатын платформа құру. Бұл оларды ықтимал қуғын-сүргіннен қорғауға көмектеседі;

4) Медицина қызметкерлерін оқыту. Дәрігерлер мен медбикелер үшін этикалық нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша тұрақты тренингтер сыбайлас жемқорлық мәселелеріне дұрыс көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі;

5) Тәуелсіз тексерулер жүргізу. Тәуелсіз ұйымдар тарапынан перзентханаларды тұрақты тексеру сыбайлас жемқорлық тәжірибелерін анықтауға және алдын алуға көмектеседі;

6) Пікірлер мен рейтингтер жүйесін құру. Пациенттер алған қызметтері туралы пікір қалдыра алатын платформаны құру медициналық қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға көмектеседі.Мысалы, қолданыстағы «ДамуМед» ақпараттық жүйесін жетілдіру арқылы бұл мәселені шешуге болады. Аталған АЖ-ні қазіргі таңда ешкім бақыламайтын секілді, себебі, учаскелік дәрігерлердің де қабылдауынан кейін пациентпен қалдырылған пікірлер назарға алынбайды және бұзушылық фактілер ешкіммен тексерілмейді. Яғни, онда жазылған пікір, шағым ескерусіз қалады, бұл тағы да азаматтардың мемлекетке деген сенімін жоғалтады.

7) Пациенттерге олардың құқықтары туралы хабарлау. Әйелдердің құқықтары және олардың перзентханалардағы мүмкіндіктері туралы оқу материалдары сыбайлас жемқорлық жағдайында қалай әрекет ету керектігін білуі үшін барлығына қолжетімді болуы керек;

8) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу. Сыбайлас жемқорлық тәжірибесінің мүмкіндігін болдырмайтын перзентханалардың жұмысы үшін нақты стандарттар мен хаттамалар жасау.

Перзентханалар сияқты сезімтал салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау азаматтардың медициналық мекемелерге деген сенімін арттырып қана қоймай, болашақ аналар үшін қауіпсіз және әділ жағдай жасайды.

Біз бірге сыбайлас жемқорлық тәжірибесінен алыс қоғам құра аламыз деп сенемін. Әрқайсымызды шетте қалмауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырамын. Бірлескен күш-жігермен біз жағдайды өзгерте аламыз және әркім өзін қорғалған және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құра аламыз!

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button