Мәртөктің мерейі
Жұмыс сапары
Облыс әкімі Асхат Шахаров Мәртөк ауданына жұмыс сапарымен барды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен, тыныс-тіршілігімен танысқан өңір басшысы ауылдарда ашылып жатқан жаңа нысандардың құрылысын қарап, ұжыммен кездесті. Сондай-ақ жақында баспаналы болған мәртөктіктердің қуанышымен бөлісті.
Медициналық пункт Ұлттық жоба аясында салынды
Алдымен облыс әкімі Байторысай ауылында ашылған жаңа медициналық пункт жұмысымен танысты.Құрылысты жүргізген «Стройком+Сервис» ЖШС медициналық мекеме ғимаратын қазанайында тапсырған.
Мәртөк аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрсейіт Кішкентаевтың айтуынша,
мұнда қабылдау, емдеу, сүзгі және физиотерапия бөлмелері бар.
Күніне 20 тұрғынды қабылдауға мүмкіндігі бар жаңа медпунктте фельдшер және санитар жұмыс істейді.
Биыл Аққайың ауылында да жаңа медициналық пункт ашылды және алдағыуақытта осындай медициналық мекемені Сарыжарда да пайдалануға беружоспарланып отыр:
— 413 адам тұратын Байторысайда жаңа медициналық пункттің ашылуы —тұрғындар үшін маңызды оқиға, өйткені бұрынғы медициналық мекеме қазіргі стандарттарға сәйкес келмеді. Енді ауыл тұрғындары, соның ішінде мектеп оқушылары, зейнеткерлер, жүкті әйелдер мен кішкентай балалар үйдің жанындағы пунктте сапалы медициналық көмек ала алады. Жыл сайын ауылда 7-8 бала өмірге келеді және жаңа медициналық пункт әрбір отбасына уақтылы медициналық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді, — деді Нұрсейіт Кішкентаев.
Медициналық пунктте фельдшер болып жұмыс істейтін Дастан Әлжан 2005 жылы медициналық колледжді бітіріп, Мәртөкауданына жас маман ретінде келген. Шамамен он жыл бойы аудандық ауруханада, содан кейін басқа ауылдарда қызмет етті. Қазір Байторысайдағы медициналық пунктте.
— Бүгінде ауылда флюорография және скрининг жүргізіледі. Халықты медициналық тексерудің ауқымы кеңейтілді. Бұл жерде жүкті әйелдерге, жас балаларға барлық қажетті көмек көрсетіледі. Медициналық мекемелер үшін заманауи жабдықтар сатып алынады. Мұның бәрі ауыл тұрғындарының медициналық көмекалуын айтарлықтай жеңілдетеді және халықтың денсаулығын нығайтады, — деді Дастан Әлжан.
Облыс әкімі салынған нысанның сапасын бағалап, мұндай медициналық пункттердің ашылуы ауылдық жерлерде денсаулық сақтау инфрақұрылымынжақсартуда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
— Байторысайдағы медициналық пункттің құрылысы Мемлекет басшысыбастамашылық еткен «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүргізілді. Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға арналған. Бағдарлама аясында облыс бойынша 11 медициналық пункт ашылды. Алдағы үш жыл ішінде ауылдарда тағы 21 медициналық пункт салуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда аудандағы медициналық мекемелер заманауи жабдықтармен жабдықталған: жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар, кардиотокографтар, лапароскопиялық аппараттар, кольпоскоптар және тағы басқа құралдар бар. Биыл көшпелі қызметтерді қамтамасыз ету үшін екі медициналық автокөлік алынды. Денсаулық сақтауды дамыту ауылдың инфрақұрылымын жақсартумен қатар жүргізіліп келеді: жол салужәне газбен жабдықтау мәселелері шешіліп, ауылдық жерлерде өмірді жайлы ететін жағдайлар жасалып жатыр, — деп атап өтті өңір басшысы.
Сондай-ақ облыс әкімі ауылда медициналық кадрлардың тапшылығы мәселесі шешіліп жатқанына тоқталды. Жас мамандарды қолдау мақсатында олардың біліктілігін арттыру және оқыту үшін гранттық бағдарламалар қарастырылған.
Заманауи қос ғимарат
Мәртөк ауданына жұмыс сапарыбарысында облыс әкімі Асхат Шахаров пен полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов Сарыжар ауылындағы жаңа учаскелік полиция пунктіне барды.
Сарыжардағы полицияның жаңа учаскелік пункті – азаматтар үшін қолайлы заманауи ғимарат. Нысанның жалпы ауданы — 140 шаршы метр. Мұнда келушілерді қабылдауға арналған екі жұмыс бөлмесі, асүй, демалыс бөлмесі және балаларға ойын бөлмесі қарастырылған. Қазіргі уақытта алты мыңнан астам тұрғыны бар Сарыжар ауылында екі учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді.
Ғимаратты аралау барысында Асхат Шахаров азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою, құқықбұзушылықтардың саныназайту үшін осындай сервистік объектілерді құрудың маңызды екенін атап өтті. Ол жаңа мекеме полицияның жұмысын жақсартуға оң әсерін тигізетініне сенім білдірді.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққорғау жүйесі — мемлекеттігіміздің берік негізі, елдегі тұрақтылықтың басты кепілідеген болатын. Елдің амандығы мен тұрақтылығы — мемлекетіміздің басты құндылығы. Сол себепті құқыққорғау саласын дамыту және оны заманауи талаптарға сай жетілдіру — біздің ортақ міндетіміз.
Жаңа учаскелік полиция пунктінің жұмысымен танысып шықтық. Бұл –ауылдағы өмір сүру жағдайын жақсартудағы маңызды қадам. Мұндай пункттерді ашу ең алдымен жергілікті халықтың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады. Әр ауданда осындай жағдай істеуге тырысамыз. Сонымен қатар полиция бекеттерін жабдықтауды жалғастырамыз. Бұл мақсатқа келер жылы да қаражат қарастырылған,— деп атап өтті облыс әкімі.
Полковник Абай Жүсіпов жергілікті билік қолдауымен салынған заманауи полиция бөлімі азаматтарға полицияның ашықтығы мен қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам екенін алға тартты.
Айта кетейік, биыл облыс әкімдігінің қолдауымен әрбір аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімдеріне жаңа қызметтік автокөліктер берілді.
Биыл Мәртөк ауылында мемлекеттік кірістер басқармасының жаңа ғимараты ашылған-ды. Мұнда жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетіледі.
Әкімшілік ғимаратта мәжіліс залы, мұрағат, сервер бөлмесі, кеңселер және күзет бөлмесі кіреді. Бұл — Мәртөк ауылында орналасқан облыстағы алғашқы мамандандырылған мекеме, ол жергілікті тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін айтарлықтай жақсартады.
Баспаналы болғандардың қуанышы
Мәртөк ауылында 54 отбасы жаңа қоныс иелері атанып, баспаналарының кілтін алды. Облыс әкімі Асхат Шахаров Мәртөк ауданына сапары аясында жаңа баспана иелеріне құтты болсын айта барды.
Баспана алған отбасылардың бірі — Өзбекстаннан көшіп келген қандас Кәмшат Кукамбаеваның отбасы. Олар бірнеше жыл Достық ауылында тұрған. 7 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы баспана кезегін 3 жылдай күткен.
— Үйіміз кең, жарық және жылы. Отбасымыз үлкен, бөлме жеткілікті. Баспана алғанымызға өте ризамыз. Бұл біз үшін үлкен көмек, — деді К.Кукамбаева.
Кәмшаттың үлкен ұлы әскерде Отан алдындағы борышын өтеуде. Екінші ұлы — студент. Қалған балалары мектепке және балабақшаға барады.
Облыс әкімі құтты болсын айта барған екінші үй — Динара Уналбаеваның шаңырағы. Екінші топтағы мүгедектігі бар бойжеткен енді 60 шаршы метрлік үйде анасымен бірге тұрады.
— Бұл үй — отбасымыз үшін үлкен сыйлық болды. Біз мұндай жайлылықта өмір сүреміз деп армандамаған едік. Көрсетілген қолдау үшін көп рахмет, — деді ол.
— Ел Президентінің тапсырмасы бойынша біз мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді жалғастыра береміз. Бүгін тұрғындармемлекеттің қолдауының арқасында көптен күткен баспанаға қол жеткізді. Біз кезекте тұрған әрбір адамның жайлы өмір сүруіне жағдай жасаймыз. Жаңа үйлеріңізде қуаныш көп болсын, отбасыларыңызға амандық тілеймін, — деді әкім.
М.ТАБЫН.