Жаңалықтар

Жол мен жолаушы

Қысқы жол

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісі барысында жолдарды қысқы күтіп-ұстау мәселесі қаралды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Айбол Данағұл республикалық маңызы бар автожолдардың ұзындығы 1869 шақырым, оның ішінде 117 шақырымында қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Ақтөбе-Астрахань және Самара-Шымкент жолдарын қысқы күтіп-ұстауға «Сине Мидас Строй» ЖШС және «Ассана-ДорСтрой» жауап береді. Бұл жолдарды қардан тазартуға осы компаниялардың барлығы 31 арнайы техникасы тартылды. Сондай-ақ олар 1700 тонна құм және 300 тонна көктайғаққа қарсы материалдар дайындады. Сонымен қатарегін жинау жұмыстарына 115 бірлік жалға алынған техника тартылып, тағы 34 арнайы машинаны жалға алу бойынша тендерлік рәсімдер жүргізіліп жатыр.

Жол бойында 51 кереуеті бар 15 жылыту пункті орналасқан.

Облыстареспубликалықмаңызы бар автожолдарда 246 шақырымқарбасатынучаскелер бар. Бұлорындардаұзындығы 86 шақырымтемірбетонқоршауларорнатылған. Қалғанучаскелердеуақытшаағашқалқандарқойылып, қартазалаужұмыстарыжүргізіледі.

Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақучаскесіндегіжолқозғалысыныңқарқынынескереотырып, қысқыкезеңдекептелістердіболдырмауүшін Хромтау жәнеҚарабұтақауылдарында 34 шақырымайналмажолдайындалып жатыр. Самара-Шымкент автожолының 844-863 шақырымучаскесіндетрассағашығатынұзындығы 23 шақырым үшайналмажолқарастырылған. Әйтеке би ауданындажалпыұзындығы 11 шақырым болатын 963-966 шақырымжәне 983-985 шақырымавтожолучаскелеріндеайналмажолсалынды,— дедіАйболДанағұл.

Жергілікті жолдардың қысқы күтімі туралы баяндаған жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр бұл жұмысқа 43 мердігер жауапты екенін айтты.

Облыстың жергілікті автомобиль жолдарының ұзындығы — 4,4 мың шақырым, олар 174 учаскеге бөлінген: 13 учаске — облыстық маңызы бар, 161 учаске аудандық маңызы бар.

Бұл жолдарды жинауға 401 техника жұмылдырылып, 5,4 мың тонна инертті материал, 2,8 мың тонна дизель отыны әзірленді.

Басқарма басшысының айтуынша, жолдарды тазарту және құм-тұз қоспасын себу жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады. Бұл мәселе аймақтық жолдарды күтіп-ұстауға жауапты мердігерлік ұйымдардың тұрақты бақылауында.

Баяндамашыларды тыңдаған облыс әкімі жолдарда, әсіресе қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде уақтылы жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін қар жинайтын арнайы техниканың санын көбейтуді, қар басқан, көктайғақ учаскелердің жай-күйін бақылауда ұстауды, туындайтын проблемаларды жедел шешу үшін мердігерлік ұйымдар, жол қызметтері мен жергілікті билік арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды.

А.САЙЛАУҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button