Жаңалықтар

«Нарқыз» поэмасы Шотландияда жоғары бағаланды

Ақын Нұрпейіс Байғаниннің «Narqyz» поэмасы Шотландияда өткен «Eurasian Creative Week» фестивалінде «Үздік эпос» номинациясында Hertfordshire Press Award сыйлығын жеңіп алды.
Салтанатты марапаттау рәсімі осы жылдың 28-30 қарашасы аралығында Гринок қаласында өтті. Сыйлық осы іс-шараға қатысқан ақынның немересі, кинопродюсер Ерболат Байғанинге тапсырылды.
«Narqyz» эпосы Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен дәстүрін, қоғамдағы рөлін баяндайды.

Бұл шығарманың басты кейіпкері — дарынды ақын әрі батыр Нарқыз. Кітап биыл ағылшын тіліне аударылып, Нұрпейіс Байғанин қоры мен «KazAK» ұйымының қолдауымен жарық көрді.
Фестивальде Қазақстан тағы бірнеше марапатқа ие болды. Қарағандыдан шыққан life-коуч Марина Алясова «Үздік әйел автор» номинациясында «Wise Tales For Children and Adults» кітабы үшін жеңіске жетті. Ал жас жазушы Әлихан Жақсылықов «Is It Necessary to Worship at Notre Dame?» романы үшін «Сыншылардың таңдауы» номинациясында алтын сертификат алды.
Бұл жетістіктер Қазақстан әдебиетінің халықаралық аренада танылып, оның мәдени мұрасы мен рөліне деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button