Мереке

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Лаура Қарабасова,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің

Басқарма төрағасы-Ректор

Тәуелсіздік – біздің ең қымбат құндылығымыз, әр азаматтың жүрегіндегі мақтаныш пен отаншылдықтың бастауы. Бұл күн – ұлт тарихындағы еркіндікке деген ұмтылыстың ақталған сәті, болашаққа деген сеніміміздің нық болуына негіз қалаған ерекше мереке.

Бүгінде Қазақстан егемен ел ретінде биік белестерді бағындырып, ғылым, білім және мәдениет салаларында әлемге танылуда. Біздің оқу ордамыз да осы жолда үлкен үлес қосып келеді. Жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне жауапты болғандықтан, біз егемендігімізді нығайтып, мемлекетіміздің гүлденуі үшін еңбек етуді басты міндетіміз деп санаймыз.
Тәуелсіз еліміздің мәртебесі әрдайым биік, болашағы жарқын болсын!

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button