Мереке

Біз еркіндікті үйрендік

Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ,
ақын, публицист,
халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері:

— Тәуелсіздіктің аты — тәуелсіздік. Кеңестік заманды көрген, сол заманда өмір сүрген адамдар жақсы біледі, ол кезде өз жерімізде еркін жүре алғанымыз жоқ. Қазіргі ұрпақ мұны түсінбеуі де мүмкін. Тәуелсіздік алғалы бергі 33 жылда біз еркіндікті, батыл сөйлеуді, өзімізді сыйлауды үйрендік. Біз кейде саясатты, кейбір жағдайларды қанша сынап жатсақ та, тәуелсіздіктің артықшылығы осында.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа күрес жүрді. Әр ұрпақ өз тұсындағы жағдайға қарай іс-әрекет етіп, ұлтты, біртұтастықты сақтау, елдікті жалғау жолындағы күресті үзбей жүргізді.
Тәуелсіздік жылдарындағы ең үлкен табысымыз не десе, сол Тәуелсіздіктің өзі дер едім. Тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Тәуелсіздікті көзіміздің қарашағындай сақтай білуіміз керек. Тәуелсіздік күні — ең қасиетті күн. Баршаңызға мереке құтты болсын! Тәуелсіздігіміз жүздеген, мыңдаған жылдарға созылсын!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button