Спорт

Бекбол — «Ұстаз барысы» 

Қазақ күресі

Ақтөбе қаласының 155 жылдығы және №75 жалпы білім беретін орта мектептің 5 жылдығына орай қазақ күресінен ұстаздар арасында «Ұстаз барысы-2024» қалалық турнирі өтті.

Ұйымдастырушы — белбеу күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстанның спорт шебері, аталған мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Заманбек Қанатұлы. Сол арқылы ұстаздардың мәртебесін көтеріп, ұлттық спортымызды ұлықтау көзделді.

19 жігіт қатысқан сайыста кіл мықтылар бозкілемде анықталды. Сайыс қорытындысы бойынша №1 орта мектептің мұғалімі Бекбол Балықбай «Ұстаз барысы» атанса, №50 орта мектептің мұғалімі Ислам Жауғаштин— II, №47 орта мектептің мұғалімі Айбек Жолдыбай III орын иемденді.

Айнагүл АМАНОВА, 

№75 орта мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button