Көктемге дайындық: арық қазылып, өзен жағалаулары нығайтылып жатыр
Көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын жергілікті атқарушы орган қазірден бастап қолға алды. Қала аумағындағы тұрғын алаптарды қорғау үшін каналдар салынып, өзен жағалаулары нығайтылып жатыр. Бұдан бөлек су арналары мен суағарларды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Өзен жағалаулары нығайтылуда
Ақтөбеде көктемгі су тасқыны кезінде тұрғын алаптарын қорғау үшін айналма каналдар салынып, өзен жағалаулары нығайтылып, топырақ үйінділерімен бекітіліп жатыр. Дала суы тұрғын алаптарын айналып өтіп, өзендерге құюы үшін каналдар қазылуда. Қазір Ақтөбе мен оның маңындағы елді мекендерде су тасқынына қарсы күреске бағытталған ондаған жоба жүзеге асырылып жатыр.
Мәселен, биыл көктемде Мағаджан тұрғын алабын су шайып кетті. Тұрғындар алапат судан біраз әбігерге түскен еді. Биыл «Батыс Ақтөбе групп» ЖШС мердігер мекемесіаталған елді мекенді дала суынан қорғау мақсатында айналасын топырақ үйіндісімен бекітіп жатыр.
— Біз қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен келісім-шарт негізінде Мағаджан тұрғын алабының аумағында су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазір дала сулары келетін бағытты толықтай топырақ үйіндісімен бекітіп болып қалдық. Қыруар шаруа жасалды. Бұл жерге 5700 текше метр топырақ тасып, оны үйдік. Енді тегістеу, айналасын тазарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз,— деді мердігер ұйым өкілі Абай Бейбітов.
Мағаджаннан бөлек, Көктем тұрғын үй алабында да қыруар шаруа атқарылуда. Бұл екі аумақта топырақтан үйінділер жасаужұмыстарын мердігер «Кварцспец сервис» ЖШС атқарып жатыр.
— Көктем, Мағаджан тұрғын алаптары аумағын көктемгі су тасқынынан қорғау үшін топырақтанүйінді жасап жатырмыз. Жалпы ұзындағы 2500 метр бөгеттің 160 метрін салып болдық. График бойынша жұмысты қарашаның соңында аяқтаймыз деп отырмыз,— деді жоба жетекшісі Рашид Асланбеков.
Биыл көктемгі су тасқынында Астана ауданында 50-ге жуық үй, ал Алматы ауданында 3544 үй су басқан аймақта қалды. Оның ішінде бау-бақша ұжымдарының аумағында орналасқан 190 саяжай үйі қалпына келтіруге де жарамай қалды. Елек және Қарғалы өзендері арнасынан асқан кезде тұрғындар тек киім-кешегі мен құжаттарын ғана алып шыға алды. Сондықтан су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында су қоймаларының жағалаулары нығайтылып, топырақтан қорғаныс бөгеттері салынып жатыр.
Дала суларының бағытын бұру жұмыстары
Жаңа Қарғалы тұрғын үй алабында су тасқынына қарсы атқарылып жатқан жұмыстарды қала әкімі Азамат Бекет өз көзімен көріп қайтты. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшылығы су басу қаупі бар елді мекендер аумағын қорғау үшін топырақпен бекіту, каналдар қазу, су өткізу құрылыстарын орнату сияқты жұмыстардың барысын баяндады.
Өткен көктемде алапат су Жаңа Қарғалы тұрғын алабын шайып кеткен болатын. Тұрғындар бір күнде әбігерге түсті. Бірі туыстарының үйін паналаса, енді бірі арнайы орталықтарға орналасты. Қалалық әкімдік далалықтан Ақжарға келетін суды Қарғалы өзеніне бағыттау үшін арық қазу туралы шешім қабылдаған болатын. Қазір бұл жерде «ARLAN TRANS-LOGISTICS» ЖШС мердігер ұйымы 1700 метр канал қазуға кірісті.
— Осы 1700 метр арықтың 450 метрінің түбін, жан-жағын бетондап, қоршап тастаймыз. Себебі арықтың сол тұсы Жаңа Қарғалыдағы тұрғын үйлерге жақын өтетін болады. Жұмысты екі аптаның ішінде аяқтаймыз. Бұл жерге Ақжар-2 тұрғын алабынан көктемде дала сулары келеді. Осы арық арқылы сол қырдан келетін судың бағытын Қарғалы өзеніне қарай бағыттап жібереміз,— деді мердігер ұйым өкілі Жазылбек Бекболатов.
Қала әкімі көктемде былтырғыдай алапат су келген жағдайда Жаңа Қарғалыға қауіп төнбес үшін су өткізу құрылыстарының кеңдігіне де мән берілуі керектігін ескертті.
— Жаңа Қарғалы өткен көктемде бірінші болып су тасқынынан зардап шекті. Арық қазылып, судың бағытын бұрып жатқанымыз дұрыс. Дегенмен бұл жұмыстарды жеделдету керек. Арықтың тұрғын үйлерге жақын орналасқан жерін осы аптада бетондап аяқтауларыңыз керек. Қар түскенше созылып кетпесін. Жұмыстардың барлығы сапалы жасалуы керек, — деді Азамат Бекет.
Өрлеуде арна қазылып жатыр
Биыл көктемде су тасқынының зардабын тартқан қала маңындағы елді мекендердің бірі — Өрлеу тұрғын алабы. Ойда тұрған Өрлеуге қырдан аққан қар суы топырақтан көтерген бөгетті айналып өтіп кірген болатын. Бұл жағдай қайталанбас үшін дала суларының бағытын бұру мақсатында қазір мердігер «Батыс Ақтөбе Group» ЖШС мердігер ұйымы 3 шақырым арна қазып, үш бөгетті топырақпен, тастармен бекітіп жатыр.
— Су тасқыны — айтып келмейтін табиғи апаттардың бірі. Сондықтан түрлі жағдайға дайын болуымыз керек. Бұл жұмысты атқару барысында осы жердің бедерін жақсы білетін бұрынғы ауыл тұрғындарымен кеңесіп отырыңыздар. Себебі бәрін алдын ала болжау мүмкін емес. Мысалы Өрлеуге су келетін бағытқа өткен жылы үш бөгет салынған болатын. Бірақ биылғы көктемде су жылдағы бағытынан «жаңылып», Өрлеуге бөгетті айналып өтіп кірді. Себебі дала суларының табиғи арнасы Елекке Өрлеудің үстімен өтіп құяды екен. Енді осы қазылып жатқан үш шақырым арна судың бағытына Өрлеуді айналып өтіп, Елекке құятындай мүмкіндік беруі тиіс. Жұмыстарды ұзаққа созбай, осы қарашада аяқтауға тиіссіздер,— деді қала әкімі Азамат Бекет.
Мердігер ұйым басшылығы арна қазу барысында қиындықтарға тап болып жатқандарын жеткізді.
— Арнанықазубарысында 600 метрдей газ желісініңқұбырларыөтіпжатқанучаскеге тап болдық. Ендіолучаскенібетондапжауып, құбырғазақымтимейтіндейетіп жасауымыз керек.Қазірүшбөгетке топырақ жәнетастасып, бекітіп жатырмыз. Арнаныңұзындығы— 3 шақырым, ені — 4 метр, тереңдігі 1,5 метр болады. Қарашаның 20-на дейінжұмыстыаяқтаптапсырамыз,—деді «БатысАқтөбеGroup» ЖШС директоры ЕрнарНұрлыбаев.
Сондай-ақ қала маңындағы Шилісайауылында да бөгетсалынып жатыр.
Биыл көктемдееріген қар суы Шилісайға қауіп төндірген болатын. Тіпті аққан су аулаға дейін келді. Сондықтан қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі бөгет салу туралы шешім қабылдады.
— Бұл маңдағы жұмыс 7 қазан күні басталды, қазір аяқтауға жақын қалдық. Негізінен, Шилісай маңына топырақ үйінділерінен бөгет салып жатырмыз. Бұдан бөлек ойпаттағы арна тазартылды. Қазір ірі жүк көліктері күні-түні материал тасып, жұмысшылар қызу еңбек етуде. Бұйырса, 10қарашаға дейін жұмысты тапсырамыз деген ойдамыз, — деді «Ақтөбе горэнергосервис» ЖШС мердігер ұйымының учаске басшысы Наурызбек Тұрғанбайұлы.
Жалпы Ақтөбеде су тасқынына қарсы жұмыстар 27 учаскеде жүргізіліп жатыр. Су бұру арықтарын салу, еріген қар суы жиналатын арналарды тазарту, топырақ бөгеттерін салу жұмыстары қызу жүруде. Су басу қаупі жоғары учаскелер мен су айдындарының жанында орналасқан аудандар бақылауға алынды.
Кәмшат ҚОПАЕВА.